Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы қ. Ақтау

Ақтау қаласында орналасқан «Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКҚК – халыққа шұғыл және жоспарлы стационарлық, стационарлық ауыстыру және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін заманауи көпсалалы медициналық ұйым.

Мангистауская областная многопрофильная больница города Актау

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы облыс тұрғындарын ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар көрсеткіштер бойынша «Ауруханаға жатқызу» порталы арқылы жақын маңдағы медициналық ұйым қағидаты негізінде республиканың басқа аудан мен облыс тұрғындарына стационарлық көмек көрсетіледі.

«Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ бойынша МКҚК тәулік бойы жұмыс істейді, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шұғыл медициналық көмек көрсетеді, сонымен қатар жоспарлы ауруханаға жатқызуды екі пакетте (кепілдендірілген медициналық сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру) жүргізеді.

Аурухананың тарихы өткен ғасырдың 50-жылдарынан басталады. Ол кезде медициналық бөлімше орнында 15 төсектік жұқпалы аурулар бөлімі бар аурухана құрылған. Маңғыстау 1973 жылы облыс мәртебесін алғаннан кейін 150 төсектік қалалық аурухана болып аталды, ал 1989 жылы облыстық статус алып, 600 төсектік жаңа типтік алты қабатты ғимаратқа орналасты. 2014 жылдың төртінші тоқсанында «Г» кардиохирургиялық блогы салынып, пайдалануға берілді. 2023 жылдың шілдесінде Ақтау қалалық перинаталдық орталығы облыстық ауруханаға бірікті.

Одан кейінгі онжылдықтарда мекемеде мамандандырылған бөлімдердің тізімі айтарлықтай өсті, кадрлық құрылым нығайып, материалдық-техникалық базасы кеңейді.

Ауруханада 2 медицина ғылымдарының докторы, 2 медицина ғылымының кандидаты жұмыс істейді, 2 медицина  қызметкері «Пирогов» медалімен марапатталған және 17 қызметкер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие.

Ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін 591 төсектік стационар бар, оның 529-ы тәулік бойы және 62-сі күндізгі стационарлық төсек. 2021 жылы аурухананың бір бөлігі ретінде қараша айында ковидпен ауыратын науқастарға арналған 200 төсектік модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды.

2021 жылы аурухана ұлттық аккредиттеуден өтіп, I санатты Ұлттық аккредиттеу белгісін алды.

Мангистауская областная больница получила I категорию Национальной аккредитации

Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жабдықталуы және медицина қызметкерлерінің біліктілігі нәтижесінде науқастарға жоғары технологиялық диагностикалық, емдік және оңалту көмектің барлық түрі көрсетіледі. Мекеменің құрылымына тәулік бойына істейтін және күндізгі стационарлар кіреді:

Жаңалықтар

БөлімшеПрофильТөсек-орын
ТЕРАПИЯ №1Ересектерге арналған гастроэнтерология11
Ересектерге арналған гематология8
БАРЛЫҒЫ: 33 төсек-орынЕресектерге арналған эндокринология14
ТЕРАПИЯ №2Ересектерге арналған нефрология13
Ересектерге арналған ревматология15
Ересектерге арналған пульмонология8
БАРЛЫҒЫ: 37 төсек-орынЕресектерге арналған аллергиялық 1
ХИРУРГИЯ №1Ересектерге арналған хирургия42
Ересектерге арналған кеуде қуысының хирургиясы4
БАРЛЫҒЫ: 47 төсек-орынЕресектерге арналған  гинекология1
ХИРУРГИЯ №2Ересектерге арналған іріңді хирургия22
Ересектерге арналған проктология4
Ересектерге арналған ауыз және жақ-бет хирургиясы2
БАРЛЫҒЫ: 30 төсек-орынЕресектерге арналған торакальді хирургия2
ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІЕресектерге арналған травматология25
БАРЛЫҒЫ: 26 төсек-орынКүйік1
ОТОЛАРИНГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОФТАЛМОЛОГИЯЕресектерге арналған оториноларингология10
БАРЛЫҒЫ: 16 төсек-орынЕресектерге арналған офтальмология6
УРОЛОГИЯ, ТОКСИКОЛОГИЯ Ересектерге арналған урология15
БАРЛЫҒЫ: 18 төсек-орынЕресектерге арналған токсикология 3
КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚЕресектерге арналған кардиологиялық (инфаркт)48
Ересектерге арналған тамыр хирургиясы3
БАРЛЫҒЫ: 63 төсек-орынЕресектерге арналған кардиохирургия12
ИНСУЛЬТ ЖӘНЕ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫЕресектерге арналған инсульт 41
Ересектерге арналған неврология8
БАРЛЫҒЫ: 69 төсек-орынЕресектерге арналған нейрохирургия20
РЕАБИЛИТАЦИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМІ:Реабилитация және медициналық оңалту: ересектерге арналған кардиохирургия3
Реабилитация және медициналық оңалту: ересектерге арналған кардиология2
Реабилитация және медициналық оңалту: ересектерге арналған травматология7
Оңалту және медициналық оңалту: ересектерге арналған нейрохирургия2
БАРЛЫҒЫ: 20 төсек-орынОңалту және медициналық оңалту: ересектерге арналған неврология6
ПАЛЛИАТИВТІК БӨЛІМШЕ
БАРЛЫҒЫ: 15 төсек-орын
Паллиативтік көмек15
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
БАРЛЫҒЫ: 60 төсек-орын
Ересектерге арналған 60
ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМШЕСІ
БАРЛЫҒЫ: 15 төсек-орын
Ересектерге арналған ортопедия15
«АНА МЕН БАЛА» БӨЛІМІ
БАРЛЫҒЫ: 45 төсек-орын
Жүкті әйелдерге және босанатын әйелдерге 45

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР ПАТОЛОГИЯСЫ
БАРЛЫҒЫ: 25 төсек орын
Жүкті әйелдер патология25
НӘРЕСТЕЛЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАУ БӨЛІМШЕСІ
БАРЛЫҒЫ: 10 төсек орын
Жаңа туған және шала туған нәрестелерге күтім жасау10
ТӘУЛІКТІК СТАЦИОНАР529
КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР62
Аурухана бойынша жалпы саны591

Аурухана құрамында 31 төсектік жалпы реанимация бөлімі, 6 төсектік перинаталдық реанимация орталығы, 6 төсектік жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімі және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған 8 операциялық үстелі бар ота залы бар. Нейрохирургиялық, хирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық, отоларингологиялық, урологиялық операциялар жасалады.

Кардиохирургияда ашық жүрекке операция жасанды қан айналымы арқылы жасалады. Ауруханада ангиографиялық зертхана бар, онда каронарлық ангиография және церебральды ангиография жүргізіледі.

Арнайы мамандар халыққа көмек көрсететін консультативтік-диагностикалық орталық жұмыс істейді. Кардиохирургиялық орталық функционалды диагностиканы қамтиды, хирургиялық орталықта эндоскопиялық қызмет бар, сонымен қатар жедел қабылдау бөлімінде радиологиялық қызмет бар.

Симуляциялық орталықта фельдшерлер мен арнайы оқу орындарының студенттері жүрек-өкпе реанимациясында алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында оқытылады.

Пациенттермен қарым-қатынас жасау үшін Байланыс орталығы және емхана веб-порталы ұйымдастырылған.

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы біз халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектесеміз.