Лапароскопиялық оң жақ несепағардың реконструктивті – пластикалық операциясы жасалды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының уролог-дәрігерлері 48 жастағы ақтаулық тұрғынға лапароскопиялық оң жақ несепағардың реконструктивті-пластикалық операциясын жасады, — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Науқас жоспарлы түрде облыстық аурухананың урология бөліміне оң жақ несепағардың жоғарғы бөлігінің тарылуы, оң жақты қосымша бүйрек артериясы, оң жақты гидронефроз диагнозымен келіп түсті. Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа оң жақты гидронефроз диагнозы бала кезінде қойылған. Яғни, туа пайда болған қосымша бүйрек артериясы бойынша консервативті ем алып тұрған.

Лапароскопическая реконструктивно-пластическая операция правого мочеточника

Соңғы уақытта бел аймағының жиі ауырсынуы, дәрі-дәрмек қабылдаса да ауырсыну басылмауына байланысты оперативті ем алуға жатқызылды. Науқасты толық зерттегеннен кейін жоспарлы турде лапароскопиялық оң жақ несепағардың реконструктивті-пластикалық операциясы тағайындалды.

Деді урология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Қалдыбекұлы

Операцияға урология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Бекхожин, хирург-дәрігер Талғат Мұқантаев, анестезиолог Жасталап Дүйсекенов қатысты. Екі жарым сағатқа созылған операция сәтті өтті. Науқас операциядан кейінгі төртінші күні амбулаторлы емге шығарылды.

Врачи-урологи Мангистауской областной многопрофильной больницы

Урология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Бекхожиннің айтуынша, жақында науқастың бүйрегіне қорытынды УДЗ жасалды. Несепағардың ішіндегі стент қалыпты және гидронефроз белгілері жоқ.

Айта кетейік, мұндай күрделі операция Маңғыстау облыстық ауруханасында үш жылдан бері жасалуда. Жылына 10 шақты операция болады. Жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, ал шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз