ҚР ДСМ жетекші бейінді мамандары ашық есік күнін өткізді

Астана, Алматы, Ақтөбе қаласынан келген дәрігерлер екі күн бойы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының консультативті-диагностикалық емханасында тегін қабылдау өткізді, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

ҚР ДСМ жетекші бейінді мамандары ашық есік күнін өткізді

Қабылдауға «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ рентгендік эндоваскулярлық операция бөлімінің меңгерушісі Колесников Алексей Евгеньевич, кардиохирург Ғалымжан Сұлтанов, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» стратегиялық бөлімінің бастығы, хирург-дәрігер Ибекенов Онласын, функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері Әлия Аймамбетова, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Ақтөбе облысының жұқпалы аурулар және балалар инфекциялары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер, бас инфекционист Мейрамбек Құрманғазин, кардиохирург-дәрігер Нұрлан Сұлтангереев және травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ортопед-дәрігері Ержан Қаратаев келді.

Келген дәрігерлер тұрғындардың шағымына қарай кеңес беріп, гепатобилиарлы жүйе мүшелеріне және бауыр, бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарға ультрадыбыстық диагностикалық зерттеу жүргізілді.

Келген дәрігерлер тұрғындардың шағымына қарай кеңес беріп, гепатобилиарлы жүйе мүшелеріне және бауыр, бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарға ультрадыбыстық диагностикалық зерттеу жүргізілді. Жалпы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші бейінді мамандарының бригадасына 150-ге жуық маңғыстаулық тұрғын келді.

Жалпы қазіргі таңда жүректік ишемиялық ауруы белең алуда. Бұл тек біздің елде ғана емес дүниежүзіндегі басты проблеманың бірі

Жалпы қазіргі таңда жүректік ишемиялық ауруы белең алуда. Бұл тек біздің елде ғана емес дүниежүзіндегі басты проблеманың бірі.

Пандемиядан кейін науқастарда қант диабеті жоғары, артериялды гипертензия, инсульт, тамырлардың бітелуі өршіп тұр. Сәйкесінше, өлім көрсеткіші де артқан. Сонымен қатар созылмалы жүрек жетіспеушілігі алаңдатып отыр.

Осы ретте аурудың ерте алдын алу, дер кезінде медициналық көмек көрсету мақсатында ҚР ДСМ жетекші мамандары ашық есік күнін өткізді. Қабылдауға операцияға дейінгі және кейінгі күтімді қажет ететін тұрғындар келді. Барлығына қажетті дәрігерлік кеңестер берілді.

«Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ кардиохирург-дәрігері Ғалымжан Сұлтанов
Қабылдауға келген тұрғындар ақ халатты абзал жандарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Қабылдауға келген тұрғындар ақ халатты абзал жандарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«Астана, Алматы, Ақтөбеден білікті дәрігерлер келді дегенді естіп, бірден консультативті-диагностикалық емханаға хабарласып, жазылдым. Бүгін кардиохирург-дәрігер Ғалымжан Берікұлының қабылдауында болдым. Денсаулығыма қатысты шағымдарым мен мазалаған ауру белгілерін айтып, дәрігерден нақты кеңестер алдым. Алдағы уақытта дәрігер ұсынған кеңес бойынша денсаулығыма күтім жасауды жалғастырамын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, дәрігерлерге алғыс айтамын», — дейді маңғыстаулық тұрғын.

Жалпы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші бейінді мамандарының бригадасына 150-ге жуық маңғыстаулық тұрғын келді.

Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз