Маңғыстау облыстық ауруханасы I санатты Ұлттық аккредитацияға ие болды

Маңғыстау облыстық ауруханасы I санатты Ұлттық аккредитацияға ие болды

Маңғыстау облыстық ауруханасының ұжымы 2018 жылы алған І санатты растады.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары Үміт Ілиясова мәлімдеді, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Үш жыл сайын аурухананың жұмыс жағдайын стандарттау үшін ерікті негізде аккредитациядан өтеді, осылайша медициналық көмек көрсетуге дайындығымызды растайды.
Аккредиттелген ұйымда емделетін науқастарға медициналық қызметтердің сапалы әрі қауіпсіз көрсетілуіне кепілдік беріледі. Ал медициналық көмектің сапасы пациентке бағытталған күтім, емдеу және қауіпсіздік, тиімділік және уақытылы нәтиже, заманауи медициналық жетістіктерге сәйкес берілетінін білеміз.
Біздің ұжым 2018 жылы алған 1-санатты растады. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын! Әлі де көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға тырысамыз!

Үміт Ілиясова, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары.

Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰКА) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сәйкестікті бағалау саласындағы жалғыз ұлттық аккредиттеу органы болып табылады («Аккредиттеу жөніндегі органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 тамыздағы қаулысы. 2008 жылғы № 773).


Сайт материалдарын пайдалану кезінде көрсетілген мағынаны сақтап, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме қажет.

Облыстық аурухананың қызметіне қатысты материалдарды дайындау кезінде сұрақтар туындаса, Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.