Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында «Жүрекше фибрилляциясының түрі бойынша жүрек ырғағының бұзылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға облыстың невропатолог, кардиолог және жалпы тәжірибелік дәрігерлері қатысты, — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Жүрекше фибрилляциясының ең ауыр асқынуларының бірі — инсульт. Атриальды фибрилляция кезінде жүрекшелер қалыпты түрде жиырылуын тоқтатады, бұл өз кезегінде қан келуі бұзылып, жүректе тромб түзілуіне әкеледі. Бұл тромбтар қан айналымына жиі еніп, мидың және басқа да органдардың артериялық төсектерін жауып тастайды. Жүрек ырғағы жиі бұзылуы өмір сапасының төмендеуіне және өлім деңгейінің жоғарылауына әсер етеді.
Бұл бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Көптеген науқас жүрекшелердің фибрилляциясымен шағымданып келеді. Жүрекшелердің фибрилляциясы цереброваскулярлық бұзылыс түріндегі ауыр асқынуларды тудырады, егер профилактикалық шаралар уақытылы жүргізілмесе және пациенттерге антикоагулянттық терапия тағайындалмаса, ишемиялық инсульт жиі пайда болады. Ауруды анықтау және алдын алу, неврологиялық стационардан шыққаннан кейін науқаста инсульттің дамуын болдырмау үшін невропатологтармен бірлесе жұмыс істеу керек, — дейді .
Әлия Байжанова, кардиолог, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы кардиохирургия орталығының аға резиденті.
Дөңгелек үстелде қатысушылар айтылған тақырыптардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Маған кардиолог ретінде кез келген оқу процесі, деректерді жаңарту өте қызықты. Бізде жауап алғымыз келетін сұрақтар болады. Сондықтан бұл іс-шара өте мазмұнды ақпараттарға толы болды. Мұнда тәжірибе алмасуға, қосымша білім алуға, клиникалық жағдайларды талдауға мүмкіндік алдыш.
Инна Колобова, «Нейрон» клиникасының кардиологы.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз