Семіздікке шалдыққандардың асқазанын кішірейту үшін ота жасалды

Маңғыстау облыстық ауруханасында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сабақтың мақсаты – 2 типті қант диабеті мен семіздікті хирургиялық емдеу, тәжірибе алмасу. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңғыстау облыстық ауруханасында жасалған отаға профессор, «Қазақстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Орал Оспанов, хирург Талғат Мұқантаев пен Медет Жиғанғалиев, анестезиолог-дәрігер Жасталап Дүйсекенов, операциялық медбике Жазира Ештаева қатысты.

Эта операция проводится эндоскопическим методом, нет никаких разрезов, через четыре-пять проколов передней брюшной стенки под общим наркозом. Благодаря этому пациентов можно уже выписать через три или четыре дня.
Операция эндоскопиялық әдіспен жасалып жатыр

Қант диабетімен ауыратын науқастардың салмағы 120-дан 160 келіге дейін. Екеуінде де семіздік ауруы бар. Бұл – денсаулыққа өте қауіпті, себебі, кез келген мүшеге әсер етуі мүмкін.

Атап айтқанда, қан қысымының көтеріліп, қандағы қанттың жоғарылауына, инфаркт қаупін арттыруға және қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне әкелуі мүмкін. Операцияның маңыздылығы – асқазанның көлемін кішірейту және тамақтың ішек арқылы өту жолын қысқарту. Жіңішке ішектің төменгі бөлігі қысқартылған асқазанға тігіледі. Осылайша, жеген тағамның сіңімділігі төмендеп, адам салмағын азайтады», — дейді дәрігер Талғат Мұқантаев.

Хирурги МОМБ провели две операции по уменьшению желудка пациенткам с ожирением

Маңғыстау облыстық ауруханасы хирургия орталығының хирург дәрігері Талғат Мұқантаевтың айтуынша, артық салмақ мәселесін өз бетімен жеңе алмайтындар үшін бұл операция – ең тиімді әдіс.

Операция эндоскопиялық әдіспен, яғни тіліксіз жасалады. Жалпы анестезиямен іштің алдыңғы қабырғасын төрт-бес тесу арқылы орындалады. Соның арқасында науқастар үш-төрт күннен кейін жазылады. Операция кеше жасалды, ал кешке қарай науқастар палатаны өз бетінше аралап, өздеріне қызмет көрсете бастады. Науқас операциядан кейін үш-төрт апта ішінде асқазанға қажетсіз салмақ түсірмеу үшін диетаны қатаң сақтауы керек. Одан әрі шектеулер асқазанның көлеміне байланысты болады, — дейді Талғат Мұқантаев.

Талғат Мұқантаев, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург
Оперативный метод является наиболее радикальным и эффективным

Айта кетейік, бұл операциялар ауруханада міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін жасалды. Портал арқылы жоспарлы түрде семіздік диагнозы қойылған науқастар қабылданады. Ол үшін сіз эндокринологтан операция қажет не қажет еместігін анықтап алуыңыз керек.

Операции проведены в МОМБ бесплатно

Аталған операциялар Медицина ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Сүлеймен Бердәулетовтың 80 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жасалды. Сонымен қатар Облыста балалар ауруханасында, облыстық перинаталдық орталықта Қазақстанның басқа аймақтарынан онлайн қосылған дәрігерлердің қатысуымен шеберлік сабағы өтті.

Маңғыстау облыстық ауруханасына қатысты материал дайындау барысында жалған ақпараттың жарияланбауы және сұрақтарға жауап алу үшін аурухананың баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *