Казиев Абай: Стентациядан кейінгі өмір

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының интервентті кардиолог-дәрігері Абай Қазиев коронарлық тамырларды стенттеуден кейін пациенттер ұстанатын ережелер туралы айтты, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Дәрігердің айтуынша, стенттен кейінгі өмір салтының маңызды шарттарының бірі — дене белсенділігі.

Жасы мен физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мына ережелерді үнемі орындауды ұсынамын: физикалық белсенділік, таза ауа, витаминдерге бай және салмақ қостырмайтын тамақтану, құрамында холестерині бар тағамдарды тұтынуды шектеу. Жаттығумен тұрақты айналысу атеросклероздың дамуын баяулатады, жүрек бұлшықетін жаттықтырады, қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі және денеге, жалпы денсаулыққа оң әсер етеді. Сондай-ақ спорт қалыпты салмақ пен қандағы холестерин деңгейін сақтайды.

Абай Қазиев, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының интервентті кардиолог-дәрігері.

Сонымен қатар дәрігер арнайы жаттығу терапиясын, жаяу жүруді, велосипед тебуді, жүзуді, жүгіруді ұсынады. Ал терапияның екінші өте маңызды құрамдас бөлігі — диета.

Пациенттер ұсынылған диеталық нұсқауларды сақтауы керек. Майлы ет сияқты тағамдарды тұтынуды азайтып, тәттілерді, тұзды шектеңіз. Бұл сұйықтықтың сақталуына және артериялық қан қысымының жоғарылауына септігін тигізеді. Егер кардиолог дәрі қабылдауды ұсынса, онда кеңесті орындауыңыз керек. Жалпы операциядан кейін дәрілік терапия көлемі азаяды, бірақ дәрі-дәрмектен толығымен бас тарту мүмкін емес. Операциядан кейін денсаулығыңыздың жақсы болуы көбінесе терапия режимін ұстанғаныңызға байланысты екенін есте сақтаңыз. Қандай да бір шағымдар пайда болып, жағдай нашарласа, тексерілу және емдеуді түзету үшін дәрігермен кеңесу керек, — деді Абай Қазиев.

Интервентті кардиологтың айтуынша, стенттен кейін темекі шегуді тоқтату қажет.

Абай Қазиев, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының интервентті кардиолог-дәрігері.

Негізі бұл операцияға дейін де орындалуы керек еді, ең дұрысы ешқашан темекі шегуді бастамаған жөн. Темекі шегудің кез келген түрі (белсенді немесе пассивті) жүрек пен қан тамырларына теріс әсер етеді. Ол қан қысымының көтерілуіне ықпал етіп, кардиотоксикалық әсер береді, атеросклероздың дамуын тездетеді, аритмияның даму ықтималдығын және инфаркт қаупін арттырады.

Операциядан кейін адамның жағдайы тұрақтанған кезде оған жиі жүруге, саяхат жасауға рұқсат беріледі. Ең бастысы, пациент үнемі дәрі-дәрмекті қабылдап, дәрігердің ұсыныстарын орындауы маңызды.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *