Тамақты емдеуге балмұздақ көмектесе ме?

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының оториноларинголог дәрігері Орынша Алдабергенова тамақ ауруын балмұздақпен емдеуге қатысты сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бұл әдіс тамақ ауруын жақсартуға көмектеспейді.

Кез келген суық зат қан тамырларының түйілуіне әкеледі, ал қабыну процесі болған жағдайда тек зиян келтіруі мүмкін. Егер тамақ аздап ауырса, сіз жылы тағамға ауысуыңыз керек. Содан кейін шырышты қабығына зақым келтірмей, салқындатпай, ауыр қабынудың алдын алуыңыз қажет.

Ангина кезінде антибиотиктерді қабылдауға болады. Атап айтқанда, бактериялық жағдайда, жоғары температурада, іріңдегенде, қан анализінде өзгерістер болған кезде антибиотиктерді қабылдауға болады.
Антибиотиктерді тек дәрігер тағайындай алады. Себебі, препарат микробтардың сезімталдығына қарай таңдалады. Сондықтан антибиотикті тағайындамас бұрын дәрігер бадамша бездерден жағынды алады. Сол арқылы дәрігерлер қандай бактериялар тамақ ауруын тудырғанын және қандай антибиотик оларды жеңе алатынын анықтайды. Антибиотиктерді өздігінен қабылдау зиянды болуы мүмкін. Көбінесе бұл препараттарды бақылаусыз қолдану микробтардың антибиотиктерге сезімталсыз болуына әкеледі, – дейді Орынша Таңатарқызы.

Күз — суық тию уақыты, дәрігер ауру маусымына иммунитетті қалай көтеру керектігін айтты.

– Созылмалы ауруы жоқ адамдарға бірінші кезекте витаминді профилактика және салауатты өмір салты қажет. Оған қоса тұмау және Ковид-19-ға қарсы вакциналары болу керек. Барлық вирус шырышты қабатқа тез орналасады. Келіп мұрнымызды жуып, тамағын шайсақ, бұл вирусты жуып тастаймыз, әрі қарай өтпейді. Сондай-ақ вирустық инфекциялардың алдын алу болып табылады. Бірақ бұл процедура аллергиямен ауыратындарға қарсы, өйткені аллерген шырышты қабатқа түссе, мұрынды немесе тамақты суарғанда, су шайылып, одан да үлкен аллергиялық реакция тудырады, дейді Орынша Таңатаровна.

Алдабергенова Орынша врач оториноларинголог Актау

Егер ауру асқынып бара жатса, онда өздігіңнен емделмеу керек. Бірден дәрігерге хабарласқан жөн. Бұл қосымша асқынуларды болдырмауға көмектеседі.

Мысалы, паратонзиллярлық абсцесс — өздігінен емделетін тонзиллиттің асқынуы. Антибиотиктерді рецептсіз қабылдайтындар көбейіп бара жатқаны бізге жасырын емес. Тіпті, нұсқаулықсыз ішкен антибиотиктерге қарсылық пайда болады. Бұл тәуелділікке алып келеді, мұндай жағдайда дәрі көмектеспейді. Себебі, ол — витаминдер емес, тәтті емес, сондықтан оларды өзіңіз қабылдаудың қажеті жоқ. Тек дәрігердің рецепті бойынша ғана пайдаланған дұрыс. Көптеген адам тамағын тұз немесе содамен шаюды ұнатады. Сода шырышты қабығын қопсытады, қабыну тереңдеп, паратонзиллярлық абсцесстердің пайда болуын тудырады. Тұз белгілі бір жағдайларда мұрынды жуу үшін жақсы, бірақ тамақты шаюдың қажеті жоқ. Себебі тамақтың шырышты қабатын шамадан тыс құрғатады. Бұл мәселеде көптеген нюанстар бар, — деп атап өтті дәрігер.

Оториноларингологтың (ЛОР дәрігерінің) қабылдауына (консультациясына) 8 (7292) 21 03 17 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.

Қабылдау Ақтау 26 шағынаудан, №7 кабинетте МОКА Консультативті-диагностикалық емханада (КДП) жүргізіледі. Күн сайын сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін қабылдайды.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз

Adblock
detector