Кардиолог – жүрек – қан тамыры жүйесіндегі ауруларды емдейтін дәрігер. Ол жүрек және қан тамырлары ауруларын диагностикалайды, емдейді және алдын алады, науқастарды оңалту әдістерін әзірлейді.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы кардиолог дәрігерінің міндеті – жүрек-қан тамырлары ауруының барлық түрін, оның ішінде жүрек-тамырлары, артериялар мен веналар ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу. Егер уақытылы дәрігерге қаралмасаңыз, онда ауру асқынып, қан айналымының бұзылуына, инфаркт және инсультке әкеледі. Ақтауда білікті кардиолог дәрігерді іздесеңіз, бірден Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына хабарласыңыз.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы кардиолог дәрігерлерінің негізгі қызметі – жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан зардап шеккен науқастарды оңалту.
Кардиолог дәрігердің консультациясына жазылғыңыз келсе, 8-7292-210-317 (Тіркеу) телефон нөміріне хабарласыңыз.
Мазмұны
- кардиолог қандай ауруларды емдейді
- Қай кезде жүгіну керек
- Қаралу үшін нені есте сақтау керек
- Қандай талдаулар керек
- Кардиолог қабылдауының құны
- Қабылдауға жазылу
- Кардиолог дәрігерлер
- Пікірлер
Кардиолог дәрігер қандай ауруларды емдейді
- Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары;
- Ауырсыну ұстамалары бар стенокардия;
- Жүректің ишемиялық ауруы;
- Қабыну процестері – перикардит, эндокардит және т.б.;
- Жүрек жетіспеушілігі;
- Аритмияның кез келген түрлері;
- Гипертония;
- Инфаркт;
- Аорта аневризмасы, артерия.
Жүрек-қан тамырлары аурулары мүгедектік пен мезгілсіз өлімнің басты себебі. Сондықтан денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз, сондай-ақ ауру белгілерін байқасаңыз, бірден Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы кардиологтарының қабылдауына жазылуды ұсынамыз.
Кардиологқа қай кезде жүгіну керек
Жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына темекі шегу, жоғары қан қысымы, артық салмақ, қандағы қанттың жоғарылауы, салауатты өмір салтының бұзылуы, тұқым қуалайтын факторлар, жүйелі стресс әсер етеді. Егер аталған көрсеткіштер байқалса, онда кардиологтан кеңес алып, аурудың алдын алыңыз.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде кардиологтан кеңес ала аласыз.
- Жүрек аймағының ауруы;
- Кеудедегі ауырсыну
- Жүрек ырғағының бұзылуы (өте жиі/сирек импульс, жүрек қызметінің үзілуі);
- Ентігу;
- Ісіну;
- Дене белсенділігіне төзімділіктің төмендеуі;
- Естен тану жағдайлары.
Нені есте сақтау керек
Кардиологтан алғашқы кеңесті алуға дайындық қажет емес.
Анализ тапсырудан бұрын 12 сағат бойы тамақ жеуге, алкогольді ішуге, темекі шегуге және дәрі-дәрмек қабылдауға болмайды (егер сізге белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет болса, бұл туралы дәрігерге хабарлауыңыз керек).
Дәрігерге қоятын сұрақтарыңызды алдын ала ойланып келіңіз
Кездесуге қолжетімді медициналық құжаттарды (қорытындылар, талдау нәтижелері, егер бар болса ауруханадан алынған үзінділер мен гистологиялық зерттеулерді) әкеліңіз.
Кардиолог дәрігерге қандай талдаулар қажет
Бастапқы тексеру кезінде кардиолог анализ жасайды, анамнез жинайды және диагнозды тағайындайды. Уақытты үнемдеу үшін алдын ала талдаудан өтіп, дәрігердің диагнозды тезірек анықтап, емдеуді тағайындауы үшін дайын нәтижелермен кеңеске келуге болады.
Рекомендуемые анализы и исследования:
- жалпы қан анализі;
- зәр анализі.
Қажет болса, басқа да талдаулар ұсынылады.
Заманауи медицинада пайда болған жүрек ауруларының алдын алатын және адам өмірін сақтап қалатын соңғы диагностикалық жабдық бар.
Кардиолог қабылдауының құны
Наименование услуги | Цена |
---|---|
Кардиологқа жазылу (тексеру, кеңес беру). | Тегін* |
* Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін жүргізіледі.
Кардиолог қабылдауына жазылу
Маңғыстау облыстық ауруханасы кардиолог дәрігерінің қабылдауына жазылуға болады:
- телефон арқылы 8-7292-210-317 (Тіркеу бөлімі);
- moba.kz сайты арқылы;
- аурухананың тіркеу бөлімінен
Кардиолог дәрігерлер
Байжанова Алия Ахмадуллаевна
Шамбилова Мөлдір Өскенбайқызы
Шопан Масат Бесбатырович
Пікірлер
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы урологының қабылдауы туралы пікір қалдырыңыз.
Пациенттердің кері байланысы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.