Ақтауда соғып тұрған жүрекке ерекше ота жасалды

Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирургтары жай соғып тұрған жүрекке аортокоронарлы шунттау операциясын жасады.

Хирург в Актау. Кардиохирурги Мангистауской областной больницы (МОБ) провели аортокоронарное шунтирование на работающем сердце с минимальным доступом.

Операция Маңғыстау және жалпы Батыс Қазақстан облысы тарихында алғаш рет жасалып тұр.

Ақтау қаласының 65 жастағы тұрғынына операцияны Ернұр Ордабаев пен Альберт Әбілхасов жасады.

Стандартты операцияда ұзындығы 35-40 см кесу жасалады. Бұл әдетте операциядан кейін кейбір қиындықтарды тудырады. Төс сүйегінің тұтастығын және тыныс алу механизмін бұзбай, 10-15 сантиметрлік тілік жасап, ашық жүрекке аортокоронарлы шунттау операциясын жасадық. Операция алдында науқас 2019 жылы инсульт, ал биыл инфарктпен ауырған. Ал қазір жақсы болжам айта аламыз.

Ернұр Ордабаев, Маңғыстау облыстық ауруханасы кардиохирургиялық орталығының басшысы

Мұндай операциядан кейін кардиохирург атап өткендей, науқас қалыпты өмір сүре алады – бүйірі немесе ішімен жатса да, көлік жүргізсе де ауырлық болмайды.

Дереккөз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Adblock
detector