Ортопедия бөлімі

Информация об отделении

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының ортопедия бөлімі 2021 жылдың мамыр айында ашылды.

Ортопедия – тірек-қимыл аппаратының туа біткен және жүре пайда болған ауруларын алдын алып, емдеумен айналысатын медицина саласы.

Кейбір патологиялар ерте кезеңде консервативті әдістермен сәтті емделеді.

Ал қалғаны көбінесе операцияны қажет етеді.

Бұл ретте Маңғыстау облыстық ауруханасының ортопед-дәрігерлері ортопедиялық ауруларды хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін жетік меңгерген және әртүрлі ауырлықтағы патологиялары бар науқастарға көмектеседі.

Аталған бөлімнің дәрігерлері арнайы құрылғы артроскоптың көмегімен аз инвазивті және артроскопиялық әдістерді қолданып, операциялар жасайды.

Миниатюралық бейнекамераның арқасында дәрігер барлық манипуляцияны максималды дәлдікпен орындайды. Ортопедия бөлімшесі әртүрлі дәрежедегі буын ауруларына көмек көрсетеді.

Сонымен қатар тізе және жамбас артропластикасы, алдыңғы аяқтың статикалық деформациясы, әйелдерде жиі кездесетін «халлюкс вальгу» және иық буынына операциялар жасалады.

Көп жағдайда эндопротездеу – деформацияланған буынды жасандыға ауыстыру операциясынан кейін аяқ-қол қайтадан қозғалмалы болады.

Ал операция элементтердің ұтқырлығын қалпына келтіруге және науқасты ауырсынудан, қаттылықтан және басқа да ыңғайсыз сезімдерден құтқаруға көмектеседі.

Заманауи әдістердің арқасында операцияның көбі амбулаториялық негізде болады.

Сондай-ақ ауруханада аз жатып, тез қалыпқа келуге мүмкіндік береді.

Структура

Заведующий Центром ортопедии

Врач травматолог-ортопед

  • Мухашев Нұркен Жамбылұлы
  • Есболаев Бектур 

Новости

Контакты

Узнать информацию о здоровье пациентов находящихся в отделении ортопедии МОБМ:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *