Ауруханаға жаңа УДЗ аппараты келді

Жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты ішкі органдар мен жүрек, қан тамырларын, сондай-ақ гинекологиялық, урологиялық тексерулерге арналған. Құрылғының визуалды технологиясы сапалы әрі қолжетімді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Ультрадыбыстық зерттеу аппараты диагнозды белгілеп, тиімді емдеу әдісін таңдауға және оны бақылауға мүмкіндік береді. Яғни абдоминальды қолданудан эндокринологиялық қолданбаларға дейінгі барлық клиникалық қажеттілікті қанағаттандырады.

Маңғыстау облыстық ауруханасында соңғы үлгідегі УДЗ құрылғы
Маңғыстау облыстық ауруханасында соңғы үлгідегі УДЗ құрылғы
Esaote MyLabX7

Ультрадыбыстық жүйеде жүрек пен қан тамырларын тексеруге арналған функциялардың кең ауқымы бар, ал дөңес және қуыс ішілік сенсорлар кескін сапасын арттырып, әйелдердің денсаулығын анықтауға көмектеседі.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының функционалдық диагностика дәрігері, радиология, эндоскопия және функционалдық диагностика бөлімінің кардиологы Александра Богданованың айтуынша, тексерілу кезінде емделушілер ешқандай айырмашылықты сезбейді, ал дәрігерлер үшін жаңа құрылғының бұрынғыдан артықшылығы бар.

Жаңа ультрадыбыстық аппараты кескін сапасын жақсартты, белгілі бір пациентке жеке реттеу мүмкіндігін арттырып, әртүрлі тексеру түрлеріне, соның ішінде қан тамырларына арналған бірнеше түрлі сенсорлары бар. Итальяндық өндірістің бұл үлгісі қазір Маңғыстау облысында жоқ. Тек біздің ауруханада ғана бар. Негізі аппарат Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың кардиологиялық орталығына сатып алынған. Онда жүрек қуысына, клапан патологиясына, функциялардың жиырылуын бағалауға, бактериялық эндокардитке, қабыну процестеріне зерттеу жүргізіледі. Ультрадыбыстық диагностиканың артықшылығы – инвазивті емес, пациент пен медицина қызметкерлеріне ауыртпашылығы, зияны жоқ.

Александра Богданова, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының функционалдық диагностика дәрігері

Александра Богданованың айтуынша, ауруханада күн сайын 15 шақты науқас қаралады.

Көбінесе инфарктпен, миокард жиырылу бұзылыстарымен, қақпақшалар патологиясымен, ревматикалық қақпақшалардың зақымдалуымен, бэкэндокардитпен және ырғақ бұзылыстарымен, артериялық гипертензиямен шұғыл түрде келеді.

Александра Богданова ауруханадағы жаңа зерттеу 
мүмкіндіктері туралы айтып жатыр
Александра Богданова ауруханадағы жаңа құрылғының
зерттеу мүмкіндіктері туралы айтып жатыр

Ультрадыбыстық зерттеуге дейін арнайы дайындық қажет емес. Науқас өзін сабырлы ұстауы, жақсы көңіл-күймен және өзімен бірге кардиограмма нәтижесімен (ЭКГ) келуі керек. УДЗ қорытындасын бес минут ішінде береміз.

Александра Богданова, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының функционалдық диагностика дәрігері

Ультрадыбыстық зерттеу қызметін алу үшін ауруханаға келіп, кезекке тұру қажет.
Жұмыс уақыты таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін.
Қызмет құны – 6000 теңге.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде көрсетілген мағынаны сақтап, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме қажет.

Облыстық аурухана қызметіне қатысты материал дайындау барысында туындаған сұрақтар бойынша аурухананың баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.