Маңғыстау облыстық ауруханасында емделушілер дауыс беруде

Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында №41 жабық сайлау учаскесі мемлекеттік Әнұранмен жұмысын бастады. Мұнда облыстық және қалалық перинаталдық орталық, «Нейрон», «Сенім», «Архимед», «Ясин», облыстық аурухананың емделушілері мен облыстық балалар ауруханасында жатқан аналар өз таңдауын жасайды.

Маңғыстау облыстық ауруханасында емделушілер дауыс беруде
Маңғыстау облыстық ауруханасында емделушілер дауыс беруде

Сайлау учаскесі төрағасының айтуынша, облыстық аурухананың өзінде 380-ге жуық емделушінің сайлауға қатысуға құқығы бар. Ал жалпы сайлау учаскесінен 1 184 адам таңдау жасайды.

«Ол үшін барлық жағдай бар, науқастардың тізімдері алдын ала жасалды. Қарт адамдарға, қозғалуы қиын науқастарға арналған арнайы портативті жәшік бар. Барлық талаптар орындалды», — деді аурухана әкімшілігі.

Маңғыстау облыстық ауруханасында емделушілер дауыс беруде
Маңғыстау облыстық ауруханасында емделушілер дауыс беруде

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының емделушілері үшін арнайы мамандар жылжымалы сайлау жәшігін алып, бөлімшеде жатқан науқастардан дауыс жинап жатыр. Өз кезегінде науқастар да сайлауда белсенділік танытып, таңдау жасауда. Сондай емделушінің бірі — Ұлсын Ақбергенова.

Бүгін кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауымды жасадым. Ауруханада емделіп жатсам да ел болашағы үшін маңызды саяси науқаннан құр қалмағаныма қуанып отырмын. Ел таңдаған басшы халықтың жағдайын ойлап, елімізді көркейтеді деген сенімдемін.

Ұлсын Ақбергенова

Еске салайық, бүгін Маңғыстау облысындағы сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз