Дәрігерлер қарақұрт шағып алған тұрғынға жедел көмек көрсетті

Кеше түнде Құрық ауылының тұрғынын қарақұрт шағып алды. Оған Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері жедел көмек көрсетіп, қажетті ем-шараларын жасады, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Дәрігерлер қарақұрт шағып алған тұрғынға жедел көмек көрсетті

Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Науқасқа жергілікті жерде шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.

Науқас 1972 жылы туған ер адам. Қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер қарақұртқа қарсы сарысу егіп, науқасты реанимация бөліміне жатқызды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Біздібай Айдарбайұлы.

Оның айтуынша, мұндай жағдай биыл бірінші рет тіркелді. Алдағы уақытта оқиға қайталанса, дәрігерлер жедел көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар ол маусымда қарақұрт көбейіп, уы артатынын айтып, тұрғындарды сақтанып жүруге шақырды.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз

Adblock
detector