Травматологтар жаңа технологияның көмегімен науқасты аяққа тұрғызды

63 жастағы науқасқа сол жақ жамбас буынын тотальді эндопротездеу операциясы жасалды. Науқас операциядан кейін белсенді қозғала бастады, — деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Науқас Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне сол жақ жамбас буынының қатты ауырсынуына, сол жақ төменгі аяқ-қолдың тірек функциясы бұзылуына шағымданып келді.

Шахатбаев Есет Муханбетович, врач травматолог-ортопед, заведующий отделением травматологии Мангистауской областной многопрофильной больницы г. Актау

Шахатбаев Есет Муханбетович врач травматолог-ортопед в Актау

Көшеде құлап қалған науқас травматологиялық пунктке жеткізіліп, бірден рентгенография және зертханалық зерттеулері жүргізілді. Әрі қарай хирургиялық емдеу үшін жарақат бөліміне жатқызылды. Қосымша тексерулер мен кардиологтың кеңесінен кейін науқасқа сол жақ жамбас буынының тотальді эндопротездеу операция тағайындалды. Науқас операциядан кейінгі келесі күні өздігімен тұрып, отырып және қосымша балтақтың көмегімен жүрді. Қазір науқастың жағдайы – қанағаттанарлық.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травматология бөлімі меңгерушісі Есет Шахатбаев

Эндопротездеу арқылы науқастың ауырсынуы азаяды, қалыпты өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жамбас буынының тотальді эндопротезі – тірек-қимыл аппараты ауруларын хирургиялық жолмен емдеудің заманауи әдісі. Мұнда сан сүйегінің басы мен мойнын, жамбас сүйектері ауыстырылады. Дегенмен бұл сау буынның анатомиялық пішініне ие және қалыпты қозғалуға мүмкіндік береді. Мұндай операциялардан кейін науқас буындардағы ауырсынуды ұмытып, белсенді өмірге қайта оралады.

Операцияны Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травматология бөлімі меңгерушісі Есет Шахатбаев, травматологтар Жұмағұлов Самалбек Байболұлы, Қылышбаев Парасат Нұрлыбекұлы жасады.

Айта кетейік, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, ал шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жасалады.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *