Операциялық блок

Информация об отделении

Маңғыстау облыстық ауруханасының Г блогының 1-2 қабатында орналасқан ота бөлімі 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда жоғары мамандандырылған күрделі операциялар жасалады.

Ота бөлімінде аурухананың барлық бөлімшесіне арналған заманауи ота залдары бар. Атап айтқанда, бірінші зал ортопедия бөлімшесіне арналған. Қазіргі таңда аталған бөлім мамандары өте жоғары деңгейде күрделі операцияларды жасап жүр.
Екінші зал офтальмологиялық операцияларға арналған. Үшінші залда нейрохирургиялық операциялар жасалады. Төртінші залда травматологиялық операциялар болса, бесінші залда урологиялық операциялар жасалады. Алтыншы операциялық залда жалпы хирургия жұмыс істейді. Ал жетінші зал лор операциясына арналса, сегізінші залда кардиохирургиялық операциялар жасалады.

Барлық операцияға ота бөлімінің медбикелері мен анестезиологтары қатысады. Жоғары мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсетеді. Сонымен қатар ота бөліміне бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл өз кезегінде науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мамандардың жауапкершілігін арттырады. Ота барысын аурухана директоры және ота бөлімінің аға медбикесі бақылап отырады.

Ота бөлімі жаңа, заманауи құрал жабдықтармен қамтылған. Эндоскопиялық, ортопедиялық, урологиялық операцияларға арналған құрылғылар бар. Сонымен қатар барлық ота залы жоғары мамандандырылған портотивті рентген аппаратымен жабдықталған.

Бөлім меңгерушісінің айтуынша, ота бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді. Күн сайын 20-25 ота жасалады.
Қазіргі таңда ота бөлімінде аға медбике, бөлім меңгерушісі, перфузист-дәрігер, анестезиолог мамандар, медбикелер мен кіші қызметкерлер жұмыс істейді.

Одан бөлек 1 этажда жедел ота жасайтын екі операциялық зал бар. Оның бірінде жарақаттар мен қан кету сынды операциялар жасалса, екінші бөлімде аппендицит, перитонит сияқты аурулармен келген науқастарға ота жасалады.

Структура

Заведующий отделением: врач анестезиолог-реаниматолог, Серикбаев Игилик Бостангалиулы.

Врачи:

Контакты

Adblock
detector