Уролог

Уролог – ерлер мен әйелдердің зәр шығару жүйесіндегі әртүрлі ауруларды
диагностика жасайтын және емдейтін дәрігер.

Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы (МОКА) урологының міндеті – ерлердің несеп-жыныс жүйесі мен әйелдердің зәр шығару органдары ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу. Қуық, несепағар, бүйрек аурулары кезінде урологтың кеңесі ауадай қажет. Ақтауда білікті уролог дәрігерді іздесеңіз, онда облыстық көпбейінді ауруханасына хабарласыңыз.

Уролог в Актау записаться на прием и консультацию врача уролога Мангистауской областной больницы

Уролог дәрігердің қабылдауына жазылып, кеңес алғыңыз келсе, 8-7292-210-317 (Тіркеу бөлімі) телефон нөміріне қоңырау шалыңыз!

Мазмұны

Уролог дәрігер қандай ауруларды емдейді

  • инфекциялық және қабыну процестері (несеп түтігінің қабынуы, цистит, пиелонефрит, эпидидимит, везикулит және т.б.);
  • бүйректегі, несепағардағы, қуықтағы тастар;
  • киста/несеп-жыныс жүйесінің ісіктері;
  • бүйректің, қуықтың төмен түсуі;
  • несеп шығару жолдарының жыланкөзі мен стриктурасы;
  • қуық және уретраның полипі;
  • балалардың және ересектердің зәр ұстамауы
  • ерлерде репродуктивті жүйенің патологиясы (эректильді дисфункция, эякуляция бұзылысы);
  • несеп шығару мүшелерінің туа біткен аномалиялары және жарақаты;

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының консервативті және хирургиялық терапия жүргізуге барлық мүмкіндігі бар. Уролог дәрігерлер аз инвазивті араласуларды пайдаланады, көп жағдайда трансуретральды қолжетімділігі бар эндоскопиялық технологияларды қолданады (кесіктерсіз), бұл операция ішілік жарақаттың минималды болуын қамтамасыз етеді.

Урологқа қай кезде жүгіну керек

Несеп-жыныс жүйесінің аурулары консервативті түрде нәтижелі емделеді, ал қалғаны хирургиялық араласуды қажет етеді. Кейбір жағдайларда шұғыл хирургиялық араласу қажет. Уролог медициналық көмектің көлемін мен емдеу тактикасын диагнозға, науқастың жалпы жағдайына, зерттеу нәтижелеріне және басқа да факторларға байланысты анықтайды.

Ауру ерте кезеңде анықталса, онда оны тез емдеуге болады, сондықтан профилактикалық тексерулерді өткізіп алмаңыз. Аурудың алғашқы белгілері байқалса, бірден дәрігермен кеңесіңіз. Айта кетейік, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы уролог дәрігерінің қабылдауына Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін жазыла аласыз.

Нейрохирург в Актау записаться на прием и консультацию врача-нейрохирурга Мангистауской областной больницы
Нәтижелі ем дұрыс диагноздан басталады

Төменде көрсетілген белгілердің біреуін немесе бірнешеуін байқасаңыз, урологқа келу керек.

  • ауырсыну немесе ыңғайсыздық (іштің төменгі бөлігі, төменгі арқа, перинэя аймағы, шап және жыныс мүшелері);
  • зәр шығаруда мәселелер (зәр ұстай алмау);
  • зәрде қан мен іріңнің болуы;
  • зәрдің иісі, түсі және көлемінің өзгеруі;
  • несеп түтігінен бөлініс пайда бола бастауы;
  • ашу және қышу;
  • шәуеттегі кез келген көрінетін өзгерістер (ер адамдарда);
  • жыныс мүшелерінің сыртқы түрі өзгеруі;
  • несеп-жыныс мүшелерінің жарақаты;
  • жыныстық қатынасқа түсе алмау.

Урологқа қаралу үшін нені есте сақтау керек

Дәрігерден сұрағыңыз келетін сұрақтарды алдын ала ойластырыңыз.

Барлық қолжетімді медициналық құжаттарды (қорытындылар, талдау нәтижелері, ауруханадан алынған үзінділер және гистологиялық зерттеулер) әкеліңіз.

Урологқа келер алдында кем дегенде бірнеше күн жыныстық қатынастан бас тартуыңыз керек. Осылайша, дәрігер алғашқы қабылдауда барлық қажетті талдауды өткізіп, нақты нәтижелерге қол жеткізе алады.

Ерлер үшін тік ішекті тексеру — урологиялық зерттеудің қажетті бөлігі. Осылайша, қуық асты безін анықтауға мүмкіндік туады. Сондықтан урологиялық зерттеудің кедергісіз өтуі үшін ішектерді алдын ала босату керек.

Суппозиторийлерді, майларды, басқа дәрілік заттарды және күтім құралдарын қолданбаңыз — бұл талдау нәтижелеріне теріс әсер етуі және аурудың клиникалық көрінісін бұзуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өнімдердің шап пен жыныс мүшелерінің терісінде болуы кейбір сынақтарға кедергі келтіруі мүмкін.

Урологқа қандай талдау (анализ) қажет

Бастапқы тексеру кезінде уролог анализ жасайды, анамнез жинайды және диагнозды тағайындайды. Уақытты үнемдеу үшін алдын ала талдаудан өтіп, дәрігердің диагнозды тезірек анықтап, емдеуді тағайындауы үшін дайын нәтижелермен кеңеске келуге болады.

Ұсынылатын сынақтар мен зерттеулер:

  • жалпы қан анализі;
  • зәр анализі;
  • қанның иммундық ферменттік талдауы (ИФА).

Қажет болса, басқа да талдаулар ұсынылады.

Уролог қабылдауының құны

Қызмет атауБағасы
Урологқа жазылу (тексерілу, кеңес беру).Тегін*

* Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін жүргізіледі.

Урологқа жазылу

Маңғыстау облыстық ауруханасы уролог дәрігерінің қабылдауына жазылуға болады:

  • телефон арқылы 8-7292-210-317 (Тіркеу бөлімі);
  • moba.kz сайты арқылы;
  • аурухананың тіркеу бөлімінен
Записаться на бесплатный прием уролога в Актау
Урологқа жазылудың ыңғайлы жолын таңдаңыз

Уролог дәрігерлер

Пікірлер

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы урологының қабылдауы туралы пікір қалдырыңыз.

Пациенттердің кері байланысы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *