Бүгін, 29 ақпан күні Иран Ислам Республикасынан келген бір топ дәрігер Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына келді.
Аурухана басшысының орынбасарлары Сағат Аманқосұлы мен Айнагүл Сейтжанқызы бастаған әр бөлімнің мамандары аурухананың жұмысымен таныстырды. Соның ішінде делегация ота бөлімі, кардиохирургия, инсульт және неврология орталығы, шұғыл медициналық көмек және ортопедия секілді өзге де бөлімдерді аралады. Сондай-ақ орталықтағы жаңа технологиялармен қатар ауруханаға жиі келетін емделушілердің диагнозына шолу жасады.
Пікір алмасу сәтінде екі елдің дәрігерлері медицина саласының артықшылықтары мен кемшің тұстарын айтты. Сонымен қатар алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз