Невропатолог-дәрігерлер ашық есік күнін өткізді

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының консультативті-диагностикалық орталығында невропатолог-дәрігер Ілияс Тұрғанбайұлы және невролог-дәрігер Ермек Бақытұлы ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күніне 30-ға жуық адам келді. Олардың көбі бас ауруы, бас айналуы, омыртқа жотасының ауруы сынды шағыммен келген.

Невропатолог-дәрігерлер ашық есік күнін өткізді

Дәрігер Ермек Бақытұлының айтуынша, келген тұрғындардың шағымына қарай емі ұсынылды.

Қазіргі таңда бір орында қозғалыссыз отырып, жұмыс істеу қалыпты жағдайға айналған. Бұл өз кезегінде адам денсаулығына қауіпті. Соның әсерінен ашық есік күніне омыртқа жотасының ауырсынуы шағымымен келгендер көп болды. Оларға емдік спортпен айналысу, күн тәртібін өзгерту, қозғалысты арттырып, жиі серуендеу керек екенін айттық.

Невролог-дәрігер Ермек Бақытұлы

Сонымен қатар келген тұрғындарға инсульттің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Ашық есік күніне 30-ға жуық адам келді

Айта кетейік, невролог-дәрігер Ермек Бақытұлы қарашадан бастап облыстық аурухананың Консультативті-диагностикалық емханасында қабылдау жүргізеді. Қабылдауға жолдама арқылы немесе ақылы түрде келе аласыз.

Жазылу үшін 8 (7292) 210 317 телефонына хабарласыңыз.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз