Аурухана кардиология күні қарсаңында ашық есік күнін өткізеді

5 шілдеде сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін) Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында (ҚДЕ) ашық есік күні өтеді, — деп хабарлайды МОКА баспасөз қызметі.

Аурухананың жетекші кардиолог-дәрігерлері тегін кеңес береді.

Кардиолог в Актау записаться на прием и консультацию врача кардиолога Мангистауской областной больницы

Акция өтетін күні зерттеу жұмыстары да, яғни холестерин мен ЭКГ анықтау тегін жүргізіледі.

Айта кетейік, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ересек тұрғындарға толық медициналық қызмет көрсетеді. Нақты диагноз қоюға және науқастарды тиімді емдеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

Өтетін орны: Ақтау қаласы, 26 шағынаудан. Алдын ала жазылу телефон нөмірі: +7 729 221 03 17. (адам саны шектеулі, 25 адамнан аспайды)


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз