Жақында Маңғыстау облыстық ауруханасында омыртқа жотасының дегенеративті-дистрофиясы диагнозымен түскен 66 жастағы науқасқа операция сәтті жасалды, — деп хабарлайды Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі.
Операцияны Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирург-дәрігері Думан Мырзабеков пен Нұр-Сұлтан қаласынан келген нейрохирург-дәрігер Айбол Сансызбаев бірлесе жасады. Сондай-ақ күрделі отаға аурухананың нейрохирург-дәрігерлері Мейрамбек Дабысбай, Бекес Нұрмұханов, анестезиологтар Сағадат Бөлтеков, Аманияз Сағынжан қатысты.
Нейрохирург-дәрігер Думан Молдабекұлының айтуынша, операция 3 сағатқа созылды.
«Науқаста бел омыртқасы дискісінің жарығы, омыртқа қозғалысының тұрақсыздық синдромы болған. Сол себепті де науқас бізге шұғыл түрде келді. Операция барысында бел омыртқааралық дискінің жарығын алып тастап, транспедикулярлы бекіту мен омыртқааралық дискіге кейдж қойылды», — дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирург-дәрігері Думан Мырзабеков.
Ота арқылы омыртқа қозғалыс сегментінде дұрыс анатомиялық ара қатынасты бұрынғы қалыпқа келеді. Зақымдалған сегменттегі тұрақсыздық жойылады.
Дәрігердің айтуынша, мұндай диагнозы бар науқастарға ота жоспарлы түрде жасалады.
Сонымен қатар нейрохирург-дәрігерлердің қатысуымен тағы үш операция өтті.
Соның бірі — мойын омыртқасы дискісінің жарығы диагнозымен түскен науқасқа жасалды.
Операция 2 сағатқа созылды.
«Операция барысында мойынаралык омыртқа дискісінің жарығын алып тастау және кейдж қойылды. Науқас ауырсыну синдромының күшеюіне байланысты Маңғыстау облыстық ауруханасына шұғыл түрде түскен болатын», — дейді Думан Мырзабеков.
Қалған екі операция да аталған диагноз бойынша жасалды. Жоспарлы операциялар МӘМС аясында тегін жасалады.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде көрсетілген мағынаны сақтап, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.