50-ге жуық тұрғын гепатологтан тегін кеңес алды

Бүгін, 28 шілдеде Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының гепатологтары ашық есік күнін өткізді, — деп хабарлайды МОКА баспасөз қызметі.

ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде шамамен 2 миллиард адам, яғни әрбір үшінші тұрғын вирустық гепатитпен ауырады. 325 миллион адам В немесе С вирустық гепатитімен өмір сүреді, жыл сайын 900 мың адам В вирустық гепатитінен қайтыс болады.

Около 50 жителей Мангистау посетили бесплатный прием гепатологов
Врач-гепатолог гепатологического центра МОМБ Аташева Р.К.

Шара Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 50-ге жуық науқасты қабылдадық, олардың жартысы бауырдың жанама эластографиясына – FibroScan аппаратына жіберілді. Бүгінде өңірде В, С вирусты гепатиттері мен бауырдың майлы аурулары өзекті болып отыр.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы гепатологиялық орталығының гепатолог-дәрігері Айгерім Сақтаған
Врач-гепатолог гепатологического центра МОМБ Сактаган А. Е.
Врач-гепатолог гепатологического центра МОМБ Сактаган А. Е.

МОКА базасында гепатологиялық орталық жұмыс істейді. Бұл аймақтағы күрделі бауыр ауруларына диагностика жасап, емдейтін жалғыз орталық. Сарапшылар жылына бір рет гепатологтың профилактикалық қабылдауынан және дәрігер тағайындайтын сынақтардан өтуге кеңес береді.

Облыстық аурухананың гепатология орталығы дертпен күресуде алдын алу скринингтік тексерулер мен емдеу шараларына көбірек көңіл бөліп жатыр. Біздің дәрігерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен ереже бойынша жұмыс істейді. Сондықтан емделушілер емнің салдарына жауап бермейтін жеке ұйымдарға емес, бізге жүгінгені маңызды.

МОКА консультативтік-диагностикалық емханасының меңгерушісі Жанар Байманова

Айта кетейік, Маңғыстау облысының тұрғындарын қабылдауды штаттан тыс бас гастроэнтеролог П.К. Мулдашева және гепатолог-дәрігер А.Е. Сақтаған мен Р.К. Аташева жүргізді.

трое специалистов МОМБ: главный внештатный гастроэнтеролог Мулдашева П.К и врачи-гепатологи Сактаган А. Е. и Аташева Р.К.
Слева направо: главный внештатный гастроэнтеролог Мулдашева П.К, врачи-гепатологи Сактаган А. Е. и Аташева Р.К.

Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз