Салмағы 6 келіден асатын сәби өмірге келді

Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6,2 келі сәби туылды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Бала жатырда жамбасымен орналасқан. Босанатын ананың өзі осы уақытқа дейін баланың жамбасымен жатқанын білмеген. Дәрігерлер ота жасап, ананы кесар тілігі арқылы аман-есен босандырып алды. Дәрігерлер салмағы 5 келі сәби туылады деп ойлаған, бірақ тұрғын 6 200 келі салмақтағы баланы өмірге әкелді.

  • Босанған ана 32 жаста, төртінші сәбиін қолына алып отыр. Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы, — деді аурухана директорының “Ана және бала істері” бойынша орынбасары Юлия Асенбаевна.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз