Қазіргі таңда В гепатитіне қарсы қауіпсіз вакциналар мен тиімді емдеу әдістері, сондай-ақ С гепатитін толық емдейтін дәрілер бар, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында гепатологиялық орталық жұмыс істейді. Мұнда мамандар созылмалы вирусты гепатитті анықтап, емдейді.
- Созылмалы вирусты гепатит бауырдың жұқпалы-қабыну ауруы, олардың қатарына В, С, D вирусты гепатиттер жатады. Вирус қан және жыныстық қатынас арқылы беріледі. Қазіргі уақытта В гепатитіне қарсы екпе жүргізіліп жатыр. Осы орайда пациенттерді екпе алуға шақырамын. Вакциналау тұрғындардың тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада жасалады. Созылмалы вирусты С гепатитіне қарсы вакцина жоқ, бірақ С гепатиті жылдар бойы емделуге болатын ауру. Егер талдау нәтижелері бойынша сізге В немесе С вирустық гепатиті диагнозы қойылса, бұл жағдайда гепатологпен немесе жұқпалы аурулар жөніндегі маманмен байланысуды ұсынамыз. «Денсаулығын ойлайтындардың барлығына жыл сайын В және С гепатитіне скринингтен өтуге кеңес берер едім», — дейді МОКА гепатология орталығының гепатологы Роза Аташева.
Айта кетейік, 2023 жылы гепатология орталығына созылмалы вирусты гепатитпен 400 адам тіркелген, оның ішінде: созылмалы вирусты гепатит С – 260 науқас, созылмалы вирусты гепатит В – 100-ден астам науқас. 2024 жылдың бірінші тоқсанында созылмалы вирусты С гепатиті бар 100-ге жуық науқас тіркелді.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз