Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы облыс тұрғындарын урологтың қабылдауына тегін жазылуға шақырады, — деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Тегін қабылдауды Маңғыстау облыстық ауруханасы урология, токсикология және гемодиализ бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты уролог дәрігері, 16 жылдық еңбек өтілі бар Маңғыстау облысының бас урологы Сихов Асхат Сатқалиұлы жүргізеді. Қабылдау 14 сәуірден бастап 18 сәуірге дейін жалғасады.
Асхат Сәтқалиұлы диагнозды дұрыс қойып қана қоймай, әрі қарай емдеу шаралары бойынша ұсыныстар береді. Мұны біздің ауруханада заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен жасауға болады.
Маңғыстау тұрғындарына жылына кемінде бір рет маманның жоспарлы тексерісінен өту ұсынылады, әсіресе уақытылы тексеру урологиялық аурулардың ауыр асқынуларының даму қаупін болдырмайды. Ал заманауи технологиялар облыстық аурухана дәрігерлеріне жарақатпен келген науқасқа ем жүргізуге көмектеседі.
Асхат Сихов
8 777 550 25 26 телефоны арқылы урологтың қабылдауына жазылуға болады.
Ұсынылатын сынақтар мен зерттеулер:
- жалпы қан анализі;
- зәр анализі;
- қанның ферменттік иммундық талдауы (ИФА).
Айта кету керек, Маңғыстау облыстық ауруханасы консервативті және хирургиялық терапия үшін зор мүмкіндіктерге ие.
Хирургиялық араласу болғанда, біздің уролог-хирургтар шағын инвазивті араласуларды пайдаланады, көп жағдайда трансуретральды қолжетімділігі бар эндоскопиялық технологияларды қолданады (кесіктерсіз), бұл минималды интраоперациялық жарақатты қамтамасыз етеді.