Маңғыстау облысында Президент Іс басқармасы медициналық орталығының күндері өтіп жатыр. Соның аясында Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық ауруханасы» травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Сәкен Молдағалиев тұрғындарды қабылдап, кеңес берді.
Маңғыстаулық тұрғындар көбінесе бел-омыртқа ауруларына шағымданып келді. Сонымен қатар операциядан кейінгі ауырсыну белгілерімен дәрігерге қаралды. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының ортопедия бөлімшесін аралады.
Маңғыстау облысына келудегі мақсатымыз — жергілікті дәрігерлерімен тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттарын өткізу. Бүгін қабылдауға келген тұрғындарға тізе буындарының эндопротездеуі және отадан кейінгі күтім бойынша кеңес берілді. Медицина саласы жылдан жылға жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялар енгізілуде. Сол арқылы қазір науқастардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар. Сондықтан да біз елдегі медициналық орталықтармен тығыз байланысып, тәжірибе алмасуымыз маңызды.
«Орталық клиникалық ауруханасы» травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Сәкен Молдағалиев
Сонымен қатар ол қазіргі таңда буындардың артрозы, яғни буын ішіндегі шеміршек тінінің бұзылуымен байланысты күрделі дегенеративті ауру өршіп тұрғанын айтты. Сол себепті аурудың алғашқы белгілерін байқағанда дәрігерге дер кезінде қаралып, ем қабылдау қажет екендігін тілге тиек етті.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз