Рубрика «Жаңалықтар»

Маңғыстаулық хирургтар 30 жастағы науқастың талағынан 15 см киста алды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының хирург-дәрігерлері 30 жастағы науқасқа лапароскопиялық спленэктомия, кистэктомия операциясын жасады, — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі. Аталған ота ауруханада сирек жасалады. Дәрігер Алия Тағанованың айтуынша, науқас сол жақ қабырғасының ауырсынуына шағымданып келген. Жедел түрде КТ, УДЗ жүргізіліп, талақта үлкен киста бар екені анықталады. Операцияны дәрігер Сағат Бітімов және Алия Тағанова жасады. Жалпы …

Облыстық ауруханада заманауи МРТ аппараты орнатылды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы соңғы үлгідегі жапондық МРТ құрылғысын сатып алды. Медициналық құрылғы сапалы әрі жылдам зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Құрылғы миды, іш аймағын, жамбасты, буындарды және жүректі зерттеуге арналған. Монитордағы кескіннің сапасы жұмсақ тіндердегі өзгерістерді және сипатын дәл анықтауға, тез диагноз қоюға мүмкіндік береді. Тексерулер дәрігердің нұсқауы …

Маңғыстау облыстық ауруханасында релаксация кабинеті ашылды

Қиын жағдайға, психикалық дағдарысқа немесе түрлі түсініспеушіліктерге тап болған облыс тұрғындары енді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының психологтарынан кеңес ала алады, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Кеңсе ашық түстермен безендірілген, тыныштық пен әңгімелесуге қолайлы, ыңғайлы жиһазбен жабдықталған. Қабылдауды білікті психолог, денсаулық сақтау саласында 15 жыл тәжірибесі бар тәжірибелі маман Мұстафина Маржан Сұлтанқызы мен Аяпова …

Маңғыстаулық уролог-дәрігерлер несепағардан 3 см тас алды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының урология бөлімшесінде 1967 жылы туған тұрғынға лапароскопиялық уретеролитотомия операциясы жасалды. Нәтижесінде несеағарда жинақталған 3 сантиметр тас алынды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Уролог-дәрігер Мұрат Қалдыбекұлының айтуынша, науқас бірнеше жылдан бері несеп-тас ауруымен ауырған. Соңғы 10 күнде жоғарғы оң жақ бел аймағының қатты ауырсынуына байланысты жергілікті емханаға қаралып, КТ және …

Салмағы 6 келіден асатын сәби өмірге келді

Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6,2 келі сәби туылды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Бала жатырда жамбасымен орналасқан. Босанатын ананың өзі осы уақытқа дейін баланың жамбасымен жатқанын білмеген. Дәрігерлер ота жасап, ананы кесар тілігі арқылы аман-есен босандырып алды. Дәрігерлер салмағы 5 келі сәби туылады деп ойлаған, бірақ тұрғын 6 200 …

Ауруханада нефрологтардың конференциясы өтті

29 наурызда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында «Жаңартылған клиникалық ұсыныстардың нүктелік перспективалары нефрологияда. Өзекті мәселелер» атты ғылыми конференция өтті. Іс-шараны «Қазақстан Республикасының Ұлттық бүйрек қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Конференцияға нефрология саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, кардиологтар және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда өзекті тақырыптар …

Ауруханада ерекше әдіспен жүрекке ота жасалып жатыр

Abunasyr-suhanov

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жүрекке операцияның ерекше түрі енгізілді. Енді кардиохирург-дәрігерлер жүрекке ота жасау үшін төсті терең тілмей-ақ, қабырға аралық шағын кесінді арқылы аорта-коронарлы шунттау операциясын жасайды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Кардиохирург-дәрігер Әбунасыр Сухановтың айтуынша, бұған дейін аорта-коронарлы шунттау операциясы классикалық жолмен жасалды. Яғни, ота кезінде науқастың төсін арамен 25 см дейін …

Маңғыстаулық дәрігерлер жүрегі тоқтаған науқасты аман алып қалды

cardiohirurgia

Маңғыстаулық кардиохирург-дәрігерлер жүрегі 5 минутқа тоқтаған 30 жастағы науқасты аман алып қалды, — деп хабарлайды облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі. Науқас желтоқсан айында жедел жүрек жетіспеушілігі диагнозымен аурухананың қабылдау бөліміне өте ауыр жағдайда түскен. Артериалдық қан қысымы күрт төмендеп, науқаста кардиогенді шок болған. Дәрігерлер жедел түрде УДЗ жасап, жүректің жиырылу қабілеті төмендегенін анықтады. Науқас ЭКМО …

Медицина қызметкерлеріне арналған психологиялық тренинг өтті

training

Ақтауда медицина қызметкерлеріне арналған «Құтқарушыны құтқар» атты психологиялық семинар-тренинг өтті. Тренингті психолог Сауле Адилова жүргізді. Психологтың айтуынша, дәрігерлердің жұмысы қарбаласқа толы, қаншама адамның өмірі үшін білімі мен энергиясын сарп етеді. Сондықтан да медицина қызметкерлеріне психологиялық тренинг өткізуді жөн көрген. Олар да бір сәт өзіне көңіл бөліп, менталдық және эмоционалдық тұрғыдан арнайы терапиядан өтуі өте маңызды. …

ҚР ПІБ Медициналық орталығының мамандары дәріс оқыды

Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ОМА №5 терапевтік бөлімшенің меңгерушісі (нефрология)  Айжан Сәрсембаева және Клиникалық және фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова дәріс оқыды. Семинарға облыстық аурухананың терапевт, хирург, нефролог, ревматолог, реаниматолог, клинфармаколог, эфферентолог және пульмонолог, эндокринолог-дәрігерлері қатысты. Семинар барысында ОМА №5 терапевтік бөлімшенің меңгерушісі (нефрология)  Айжан Сәрсембаева «Созылмалы бүйрек ауруы — терапевттің практикалық тәсілі. Бүйректің …