Маңғыстауда аорта стент-графт операциясы сәтті жасалды

Жақында Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирургтері аорта стент-графт имплантация операциясын сәтті жасады, — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Дәрігердің айтуынша, науқас 1964 жылы туған. Ол 20 сәуір күні облыстық ауруханаға жедел түрде жедел жәрдеммен келеді. Алғашында инфаркт-миокард диагнозы қойылады. Бірақ кейін диагноз жоққа шығарылады.

Ота сәтті өтті. Қазір науқас өздігінен демалады, гемадинамикасы тұрақты, қан қысымы 120/80.
«Науқаста қолқа тамыры сөгітілген жерден кеуде қуысына қан құйылған. Яғни, гемоторакс болған. Гемотораксқа стент-графт орнатқаннан кейін плевра аймағына дренаж қойдық. Екі жарым литр көлемінде қан шығардық. Содан кейін өкпесі ашылды. Қазір науқастан шағым жоқ», — деді Ернұр Ордабаев.

Операция 1 сағатқа созылды. Отаны кардиохирург Ернұр Ордабаев, ассистент ретінде Құрбанәлі Сабдинов және анестезиолог Мәулен Жұмаділдаев жасады.

«Дәрігерлер Алматыдан керекті құрылғысын алдыртып, мені үш күн операцияға дайындады. Операция аяқталғаннан кейін түнде дәрігерлер құлағыма «оян, оян» деп айтып жатыр екен. Содан көзімді ашып, есімді жинадым. Содан кейін реанимацияда жаттым, кейін бөлімшеге шығарып, емдеді. Алдымен жедел жәрдем қызметкерлерінің, екіншіден операция жасаған Ернұр Ордабаев бастаған дәрігерлердің біліктілігі арқасында тірі қалдым. Көп рақмет дәрігерлерге!» — деді науқас.

Науқас операциядан кейін жүрек-қан тамырлары бөлімшесінде, кардиология және аритмология бөлімшесінде емделді.

Аяққа тұрып, еркін жүріп, жағдайы жақсарды. Бүгін дәрігерлердің рұқсатымен үйге шығарылды.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз

Adblock
detector