Маңғыстаулық дәрігерлер алғаш рет аз инвазивті ота жасады

Маңғыстау облыстық ауруханасының эндоскопист-дәрігерлері онкологиялық дертке шалдыққан 69 жастағы науқасқа алғаш рет эндоскопиялық аз инвазивті операция жасады. Ота сәтті өтті, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

1 сағатқа созылған операцияны дәрігер-эндоскопист Роллан Серікұлы Елеусінов, Бауыржан Жоламанұлы Танауов, Мақсат Болатұлы Тайшыбай және хирург Талғат Естұрғанұлы Мұқантаев жасады. Сонымен қатар анестезиолог-дәрігер Бөлтеков Сағадат Жексенғалиұлы мен Зухра Сейтжанова қатысты.

1953 жылы туған науқас «Ұйқы безі басының ісігі және механикалық сарғаю» диагнозымен түсті. Кешенді диагностикалық тексеру жүргізілді.  Науқаста тері жамылғылары, әлсіздік, гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік болды.  Осыдан кейін науқас хирургиялық ем алу үшін хирургиялық орталыққа жатқызылды

Қосымша тексерулер кезінде «Механикалық сарғаю» диагнозы, яғни өт жолдары мен өт қабының бітелуі расталды. 

Бұл жағдайға тастардың, кисталардың болуы, паразиттердің жиналуы, бауырдың, ұйқы безінің немесе өт қабының ісіктері бар, өт жолдарының тарылуы (стенозы) және он екі елі ішекке өтуі себеп болған.

Установка стента в Актау
Стент орнатылды

Аталған науқастың диагнозы дәрігерлердің кеңесінде қаралып, нәтижесінде эндоскопиялық аз инвазивті ота жасау туралы шешім шығарылды.  Бұл ота біздің ауруханада алғаш рет жасалды.  Стентинг көмегімен өттің шығуы толығымен қалпына келтірілді, блоктың артына дренаж (түтік) орнаттық, бұл ішекке өттің физиологиялық кетуін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.  Өйткені ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті көптеген маңызды заттар ішекке өтпен бірге түседі.

Бауыржан Танауов, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігері, эндоскопист-хирургы

Қазіргі уақытта науқас операциядан кейінгі кезеңнен өтіп жатыр, оған арнайы диета тағайындалады.

В МОМБ впервые проведена одна из самых технически сложных операций
Облыстық аурухана дәрігерлері операциядан кейін

Айта кетейік, мұндай операциялар МӘМС бағдарламасы аясында тегін жүргізіледі.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде көрсетілген мағынаны сақтап, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *