Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері хирургия бөлімшесіне жедел түскен 43 жастағы ер адамға механикалық сарғаюдың аз-инвазивті хирургиялық жолмен емдеудің заманауи әдісі арқылы ЭРХПГ операциясын жасады, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Науқас ауруханаға «Жедел тасты холецистит. Холедохолитиаз. Механикалық сарғаю» диагнозымен келіп түскен.
Түскен кездегі БХА анализінде АлТ 335,69, АсТ 158.4, жалпы билирубин 417.12, тура билирубин 325,18 болды. Анамнезінде 1 ай бұрын шұғыл түрде лапароскопиялық холецистэктомия, холедохолитоэкстракция, холедохты сыртқы дренаждау операциясы жасалған. Контрольды фистулахолангиографияда холедохтың терминальды бөлімінің стенозына күмән болды. Жедел түрде консилиум құрылып, холедохтың дистальды бөлімдегі блоктың себебін анықтау мақсатында аз-инвазивті ERCP(ЭРХГП) «rendez-vous» тәсілін қолдану ұсынылды.
Эндоскопист-дәрігер, Бауыржан Танауов.
Операция барысында холедох канюляциясы теріден шығарылған сыртқы өт дренажы арқылы алынды. Бұл — өт жолына түсудің ең қауіпсіз эффективті тәсілі, сондай-ақ панкреатикалық жолдың ятрогендік асқынуын болдырмайды.
Канюляциядан соң «12-елі ішектің үлкен емізікшесіне» эндоскопиялық электротоқтың көмегімен тілік жасалды. Бірден ішектің ішіне өттің құйылуы анықталады. Холедохтың ревизиясы кезінде көлемі 0,3 см болатын тас арнайы Дормия корзинасы арқылы алынды. Осылайша, холедохтың ревизиясы таза болды. Операция жансыздандырусыз, рентген «С»-доға көмегінсіз жасалды, — дейді эндоскопист-дәрігер Бауыржан Жоламанұлы.
Операциядан кейінгі бір тәуліктен соң науқас емдік ұсыныстармен амбулаторлы бақылауға шығарылды.
Қазіргі замануи технологиялық құрылғылардың нәтижесінде науқаста екіншілік іш қуысына араласу, яғни, денеге қосымша қайталамалы тілік салынбайды. Сонымен қатар операциядан кейінгі реабилитация уақыты тез жүреді.
Айта кетейік, мұндай шұғыл операция медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі арқылы, ал жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жүргізіледі.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз