Ақтауда COVID-19-дан өкпесі 97% зақымдалған науқас жазылды

Провизорлық орталықтың дәрігерлері ақтаулық тұрғын Жанат Сисенованы қошеметпен шығарып салды. Ол коронавирустан айығып, ауруды жеңіп шықты. Асқынған ауруды жеңіп шығу сирек кездесетін жағдай және мұны түсіну үшін міндетті түрде дәрігер болудың қажеті жоқ.

35 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға түсті. Компьютерлік томография арқылы тексеріп, науқаста пневмония екені анықталды.

Ол 20 күндей өмір мен өлім арасында жатты.

Чагай Гельман Борисович врач нейрохирург МОБ Актау

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты нейрохирург Гельман Чагай:

«Мұндай ауыр халде келген науқасты жазу өте күмәнді болды. Бірақ, науқас аурудан айығып, аяққа тік тұрғысы келді. Соның оптимистік қасиеті мен осы ауруды жеңуге деген ұмтылысы бізге көп көмектесті».

Ауырып қалғанымда отбасым қорқып қалды. Қазір олар бақытты. Себебі аурудан жазылдым. Дәрігерлерге көп рахмет, бас иемін!

Жанат Сейсенова, Ақтау қаласының тұрғыны

Қазір провизорлық орталықта 255 адам емделіп жатыр. Жақын күндері ауруханаға ауыр халде түскен тағы 3 науқасты үйге шығару жоспарланып отыр.

Дереккөз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Adblock
detector