Маңғыстаулық хирургтар 30 жастағы науқастың талағынан 15 см киста алды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының хирург-дәрігерлері 30 жастағы науқасқа лапароскопиялық спленэктомия, кистэктомия операциясын жасады, — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

хирург киста операция

Аталған ота ауруханада сирек жасалады. Дәрігер Алия Тағанованың айтуынша, науқас сол жақ қабырғасының ауырсынуына шағымданып келген. Жедел түрде КТ, УДЗ жүргізіліп, талақта үлкен киста бар екені анықталады.

  • Науқасқа лапароскопия арқылы теріні кеспей талақты алып тастау (спленэктомия, дренаждау) операциясы жасалды. 2,5 сағатқа созылған ота сәтті өтті. Науқастан 15 см киста алынды. Операциядан кейінгі кезеңі жеңіл болды. Науқастың өзі еркін тұрып, жүре алды. Екі-үш күннен соң үйге шығарылды. Жалпы мұндай операциялар бұған дейін лапаротомия, яғни теріні кесу арқылы жасалатын. Ал қазір заманауи құрал-жабдықтардың нәтижесінде ота ауырсынусыз жасалуда», — деді хирург-дәрігер Алия Тағанова.

Операцияны дәрігер Сағат Бітімов және Алия Тағанова жасады. Жалпы хирургия бөлімінің дәрігерлері күнделікті жоспарлы түрде холецистэктомия (өт қабын алу), өт тас ауруының асқынуына, аппендектомия, бауырдың кистасын алу операцияларын жиі жасайды.

Айта кетейік, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы, шұғыл операция медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша тегін жүргізіледі.

Аурухана дәрігерлерінің қабылдауына жазылғыңыз келсе, 8 (7292) 210 – 317 номеріне хабарласыңыз.

Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз