1 тамыздан бастап Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында «Дүниежүзілік бала емізу апталығы» өтіп жатыр.
Апталық ана сүтін еметін балалардың денсаулығын нығайтуға, емшек емізуді насихаттауға бағытталған. Соның аясында «Емізу – бала саулығының негізі» тақырыбында іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Бүгін ана мен бала бөліміндегі аналарға неонатолог-дәрігер Бердишева Светлана Сисенбаевна және бала мейірбикесі Акимова Ақкорпеш дәрісін өткізді.
Дәрісте емшекпен емізудің маңыздылығын, емізу техникасын сақтауын, емшек сүтінің артықшылығы жөнінде білім берілді. Сонымен қатар ана сүтінің сәбиге тигізетін пайдасы туралы жас аналарға түсіндіру жолы айтылды.
Жалпы ана сүтімен сәбиді емізу босану бөлімінен басталады. Осы ретте босану бөлімінің акушері Гулшат Беркенова бөлім мамандарына дәріс беруде.
Айта кетейік, аталған апталық 7 тамызға дейін жалғасады.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз