Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында кардиография жаңа деңгейге көтерілді. Өткен жылдың соңында соңғы үлгідегі сарапшы класындағы ультрадыбыстық аппараты кардиологиялық орталық бөлімшесінің арсеналын функционалды диагностикамен толықтырды, — деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда ультрадыбыстық аппаратура жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауда маңызды рөл атқарады. Осы ретте жаңа құрылғы жоғары дәлдіктегі ультрадыбыстық зерттеуге және жүректі сараптамалық дәрежеде тексеруге мүмкіндік береді.
Apogee 6300 аппараты инновациялық мүмкіндіктерді көрсете отырып, заманауи бірегей технологиялар негізінде жұмыс істейді. Көлемді визуализацияның арқасында зерттеудегі ақпараттық қолжетімділік артады.
Құрылғының қолданылу аясы кең. Яғни, аталған құрылғымен ультрадыбыстық контрасттарды қолданатын эхокардиографиялық зерттеулер, стресстік эхокардиография және жүрек-қантамыр жүйесінің сараптамалық трансторакальды және трансөңештік зерттеулерін жүргізуге болады.
Мөлдір Шамбилова, функционалды диагностикасы бар кардиохирургиялық орталық бөлімшесінің функционалдық диагностика дәрігері
Жаңа аппарат желтоқсанның соңында келді, қазір құрылғының артықшылықтары мен барлық мүмкіндігін пайдаланудамыз.
Сондай-ақ медициналық мекеме жағдайында жеңіл қозғалуға арналған озық үлгідегі портативті УДЗ аппаратын алдық.
Мөлдір Шамбилованың айтуынша, құрылғы ауыр халдегі науқастардың сауығып кету мүмкіндігін арттырады. Төтенше жағдайларда әрбір минут маңызды. Ал жаңа құрылғы дәрігерлерге науқасты санаулы минуттарда тексеріп, дереу емдеуді бастауға мүмкіндік береді.
Ультрадыбыстық аппарат сенсорлар жиынтығымен жабдықталған. Оның көмегімен әртүрлі органдар мен жүйелерге диагностика жасалады. Қазір күн сайын шамамен 15-20 науқас жүректің УДЗ эхокардиографиялық зерттеуінен өтеді.
Айта кетейік, эхокардиография (эхокардиография немесе жүректің ультрадыбыстық зерттеуі) — жүрек бұлшықетінің, клапандардың және ірі тамырлардың құрылымын, өлшемін және жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін ультрадыбысты зерттеу.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз