Облыстық аурухана дәрігерлері Ресейден келген туристке сәтті ота жасады

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травматолог-дәрігерлері ресейлік туристтің тізесіне жоғары технологиялық ота жасап, байламдарын сақтап қалды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Облыстық аурухана дәрігерлері Ресейден келген туристке сәтті ота жасады

1982 жылы туған науқас Оксана Константинованың айтуынша, ол күйеуімен бірге Маңғыстауға Ресейдің еуропалық бөлігіндегі Нижний Новгород қаласынан демалуға келген. Демалыстың алғашқы төрт күні тамаша өткен. Ерлі-зайыптылар жағалау бойымен серуендеп, теңізде жүзіп, шаян аулаған. Бірақ күтпеген жерден ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

— Күйеуіммен жетінші шағынаудан теңіз жағалауында серуендеп жүрдік. Кейін жағадан екі жүз метрдей жерде тас тақталарды көріп, теңізге секірдік. Бірақ мен сәтсіз бұрылып қалдым, содан аяғым плита мен тастың арасында тұрып қалды. Тіземнің байламы үзілді, қатты ауырсынды. Күйеуім бірден ауруханаға алып барды. Дәрігерлер кейінге қалдырмай операция жасау керек екенін айтып, тез ота жасады. Операция кезінде ояу болдым, десе де ауырсынуды сезбедім. Маған ота жасаған дәрігер Рахимов Қайрат Өмірзақұлы өз ісінің нағыз маманы. Туыстарым телефон соғып, мені алаңдап жатқанын айтты. Ал мен сенімді дәрігердің қарауында екенімді айттым. Аурухана өте жақсы уақытылы күтім бар, мамандар үнемі тексеріп отырады, көңіл-күйіңізді сұрайды. Медицина қызметкерлерінің жұмысына ризамын, оларға алғысым шексіз. Мен басқа елдің тұрғынымын, бірақ олар мені өз үйімдей қабылдады. Құжат жағынан ешқандай проблема болмады. Қазір менде бәрі жақсы», – дейді Оксана Константинова.

Дәрігерлер сол жақ тізе буынының жабық жарақаты, сол жақ тізе қабығының байламы мен бүйір байламдарының толық үзілуі, сондай-ақ гемоартриттің даму қаупі бар деген диагноз қойды. Гемартроз — буындарға травматикалық әсердің жиі көріністерінің бірі, ол буын қуысына қан кету арқылы көрінеді. 2,5 сағатқа созылған шұғыл операция сәтті өтті.

27 маусым күні сағат 18:50-де Маңғыстау облыстық ауруханасына шұғыл түрде сол жақ тізе буынындағы ауыру сезіміне, тұрақсыздыққа, сол жақ төменгі аяқ-қолды көтере алмау шағымдарымен науқас түсті. Айтуынша, ол теңізде тасқа құлап, жарақат алған. Оны мұқият тексеріп, операцияға алып кетті. Науқасқа жұлын анестезиясымен Сол жақ тізе буынының өз байламын қалпына келтіру, ревизия, біріншілік хирургиялық емдеу бойынша ота жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, операциядан кейінгі тігістері қалыпты, ісінуі басылады, адекватты терапия алады. Оған белсенділік танытуға, сол жақ төменгі аяғына тірелмей, балдақпен тұруға рұқсат етілген».

деді МОКА травматология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев

Айта кетейік, ота жасауға хирург Қайрат Рахимов, анестезиолог Сағадат Бөлтеков және медбике Айдана Тоғжан қатысты.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз