Биыл облыстық ауруханада 11 Бенталл де Боно операциясы жасалды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының кардиохирургия орталығында жүректен шығатын негізгі тамыр – аортаны, артериялық клапан мен көтерілу қолқасын бір мезгілде ауыстыруға мүмкіндік беретін күрделі Бенталл де Боно операциясы жасалады.

Кардиохирург дәрігер Ербол Кудабаевтың айтуынша, биыл облыстық аурухананың кардиохирург дәрігерлері 11 Бенталл Де Боно операциясын жасады. Оның 3-і шұғыл түрде болса, 5-і кейінге қалдырылған, яғни қосымша тексеруден кейін 24 сағат ішінде және 3 ота жоспарлы негізде жасалды. 10 науқас қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Кардиохирургиялық құрылымда хирургиялық араласудың күрделілігіне қарай 7 категориясы бар. Ал Бенталл де Боно операциясы 5 санатқа жататынын айта кеткен жөн.

Жалпы аорта аневризмасы – бұлшық ет-серпімді қабық құрылымының бұзылуына және жұқаруына байланысты пайда болатын қолқаның патологиялық кеңеюі. Дәрігерлердің айтуынша, мұның бірнеше себебі болады: атап айтқанда, темекі шегу, артериялық гипертензия, дислипидемия, Марфан синдромы және Элерс-Данлос синдромы. Егер мұндай ауырсынуы бар науқасқа уақытында операция жасалмаса, өмірге қауіп төндіретін асқынулар болуы мүмкін.

Сондықтан жүректі тексертіп, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлерінен кеңес алыңыз. Қабылдауға жазылу үшін 8 7292 210 317 нөміріне хабарласыңыз!

Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз