Бүгін Ұлттық аурухананың ішкі аудит және қаржылық мониторинг қызметінің бас маманы Эльмира Забированың қатысуымен медициналық ұйымдардағы кредиторлық берешек мәселелері талқыланып, оны шешу жолы қарастырылды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Бүгін Ұлттық аурухананың ішкі аудит және қаржылық мониторинг қызметінің бас маманы Эльмира Забированың қатысуымен медициналық ұйымдардағы кредиторлық берешек мәселелері талқыланып, оны шешу жолы қарастырылды, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Шараға Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, облыстық аурухананың директоры Руслан Бекібаев, аудандағы медициналық ұйымдардың есепшілері мен экономистері қатысты.
Содан кейін Ұлттық госпитальдің клиникалық-фармакологиялық бөлімі меңгерушісі Дидар Бақыбаев ауруханада фармация бөлімін ұйымдастыру тақырыбында семинар өткізіп, нақты кеңес берді.
Оның айтуынша, ауруханадағы дәріхана бөлімінің мақсаты — пациенттердің қауіпсіздігін арттыру. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек, дәрілік заттардың сақталуын, таңбалануын және дайындалуын бақылауды орталықтандырылған бір жерде арнайы дайындалған білікті мамандар жүргізуі керек.
Сонымен қатар Алматыдан келген пульмонолог дәрігер Бибінұр Рахметова КДЕ-да 10 шақты тұрғынды жеке қабылдады.
- Консультацияға бронх-өкпе жүйесі ауруларымен, өкпенің интерстициальды патологияларымен ауыратын науқастар келді. Сонымен қатар пневмониядан емделген, алайда толық жазылмаған науқастар қабылдауда болды. Оларға қосымша тексеру тағайындалды. Келген науқастармен одан әрі хабарласу үшін байланыс нөмірімді қалдырдым. Содан соң медицина қызметкерлеріне пневмония туралы дәріс оқылды, — деді Бибінұр Рахметова.
Ал ҚР ПІБ МО анестезиолог-реаниматолог дәрігері Саят Бикібаев «Мультимодалды анестезия, ота алдыңғы мониторинг, УДЗ навигация, перифериялық блокада» атты шеберлік сағатын өткізді.
– Бүгін анестезиолог және реаниматолог дәрігерлермен бірге жергілікті анестезия тақырыбын қозғадық. Тәжірибе барысында жоғарғы аяқ-қолға өткізгіш анестезияның үш түрі жасалды. Содан кейін сепсис бойынша дәріс оқылып, осы тектес патологиясы бар науқастардың денсаулығын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды, — деді Саят Бикібаев.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз