Маңғыстауда астаналық дәрігер үш бірегей ота жасады

Маңғыстау облысы ауруханасының травматология бөлімінде 3 ота жасалды. Отаны Нұр-сұлтан қаласынан келген Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ерік Раймағамбетов жасады.

Тізе буынының артроскопиясы - тізе деформациясын бұзбай диагностикалау және емдеу әдісі, бұл кейінгі қалпына келтіруді айтарлықтай жылдамдатады және жеңілдетеді.
Тізе буынының артроскопиясы — тізе деформациясын бұзбай диагностикалау және емдеу әдісі, бұл кейінгі қалпына келтіруді айтарлықтай жылдамдатады және жеңілдетеді.

Сонымен қатар отаға облыстық аурухананың травматолог-ортопеды Жәнібек Базарбайұлы, Саятхан Берікұлы, Бектұр Жолдасбайұлы және медбике Набатгүл Ершиева қатысты.

Ерік Қанатұлының айтуынша, жоспарланған отаның үшеуі де — күрделі, реконструктивті операция.

«Алғашқы екі науқастың алдыңғы және артқы крест тәрізді байламдары үзілсе, үшінші науқастың иығы ойнамалы болып жатыр. Облыстық аурухана дәрігерлерімен бірлесе жасалған операцияда тізені қайтадан тұрақтандыру үшін басқа жерінен крест тәрізді байламды алып, оны бекітіп, арнайы имплант жасалды», — дейді Ерік Раймағамбетов.

Алғашқы операция 2 сағатқа созылса, екінші ота 1 сағатта аяқталды.

Сондай-ақ операциядан кейін науқасқа міндетті түрде 6 айдай оңалту шаралары керек. Науқас бастапқы уақытта салмақ салмай, балтақпен жүреді. Кейін барлығы қалыпқа келетінін айтып отыр дәрігерлер.

Операциядан кейін Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ерік Раймағамбетов облыстық аурухананың травматологтарына дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет. Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз

Adblock
detector