Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде 1963 жылы туған науқас келіп түсті. Кезекші хирург-дәрігерлер науқасқа диагностикалық видеодуоденоскопия арқылы белгісіз этиологиялы асқазан-ішек жолдарынан қан кетуді анықтады.
Маңғыстау облыстық ауруханасының эндоскопист-дәрігерлері онкологиялық дертке шалдыққан 69 жастағы науқасқа алғаш рет эндоскопиялық аз инвазивті операция жасады. Ота сәтті өтті, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.