Ақтауда бүйректегі, несепағар мен қуықтағы тастар алынады
Урология, токсикология және гинекология бөліміне келген науқастар бүйректегі, несепағардағы және қуықтағы тастарды алу мәселесімен дәрігерлерге жиі жүгінеді.
Медициналық тәжірибеде тасты орнынан жылжыту, оны ұсақтау және алу үшін литотриптер қолданылады.
Бөлімше мамандары науқастарды сапалы емдеу үшін жан-жақты мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Яғни, медициналық тәжірибеде жетілдірілген үлгілер мен әдістерді енгізіп, заманауи озық құрылғыларды пайдаланады.
Бұған дәлел – дәрігерлердің 2021 жылдың қаңтарында бөлімге берілген лазерлік контактілі литотриптер құрылғысын қолдануы.