№2 терапевтік бөлім

Информация об отделении

№2 терапевтік бөлімшесі 2019 жылы наурызда ревматологиялық және нефрологиялық профильдері бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін құрылды. Ал 2020 жылы қазан айында пульмонологиялық және аллергологиялық профильдерге қосылды.

Бүгінгі таңда №2 терапия бөлімшесі 30 төсекке арналған. Науқастарға төрт профиль бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Атап айтқанда ревматология, нефрология, пульмонология және аллергология.

Терапия 2 бөлімшесі диагностикамен қатар қолжетімді және сапалы, жедел медициналық көмек көрсетеді. Жоспарлы стационарлық емдеу госпитализациялау бюросының порталы арқылы жүзеге асады. Бөлімшеде жоғары, бірінші және екінші санатты ревматологтар, нефрологтар, пульмонологтар жұмыс істейді.

Бөлімшеде жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматополимиозит, дәнекер тінінің аралас ауруы, анкилозды спондилит, ревматоидты және псориазды артрит сияқты аутоиммунды ауруларды тексеру, емдеу жүргізіледі. Бөлімше базасында пациенттердің негізгі терапияны таңдау, сондай-ақ гендік-инженерлік биологиялық терапияға пациенттерді таңдау жүзеге асады.

Ал жедел және созылмалы гломерулонефрит, жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі сияқты бүйрек зақымдануы бар науқастарды, сондай-ақ бүйрек алмастыру терапиясына көрсеткіштерді анықтауды, бүйрегі ауыстырылған науқастарды емдеуді нефрологтар жүргізеді. Пульмонологтар тыныс алу жүйесі ауруларымен, атап айтқанда ӨСОА, бронх демікпесі, пневмония, ЖИА бар науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Структура

Заведующий Терпапевтическим отделением №2: врач ревматолог высшей категории Башиева Айнагуль Сейтжановна.

Контакты

Узнать информацию о здоровье пациентов находящихся в отделении терапии №2 МОБМ г. Актау можно по телефону: +7 (777) 550 25 27.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Adblock
detector