Ревматоидты артриттің алдын алу және емдеу дәрісі өтті

Маңғыстау облыстық ауруханасында ревматоидты артриттің алдын алу және емдеу тақырыбына дәріс өтті. Дәрісті медициналық апталық аясында Алматыдан келген сарапшы, ревматолог Меруерт Сәрсембаева оқыды.

Ревматоидты артриттің алдын алу және емдеу дәрісі өтті

Меруерт Сәрсембаева дәріс барысында ревматоидты артриттің ерекшеліктерін, оны емдеудің тиімді әдістерін, қатар жүретін аурулардан туындауы мүмкін қиындықтар туралы айтып берді. Ол өз тәжірибесінен көптеген мысал келтіріп, аурудың алғашқы диагностикасы мен ережелері жайлы ұсыныстар берді.

Дәріс барысында науқасқа бір мезгілде ревматоидты артрит пен онкология диагнозы қойылған күрделі жағдай талқыланды. Қатысушылар күшті препараттардың ұсынылуы және олардың бір-бірімен әрекеттесуі туралы сұрақтар қойды.

Меруерт Сәрсембаеваның айтуынша, ревматоидты артрит диагнозы қойылған науқас үнемі дәрігерге қаралып тұруы керек.

Егер адам толыққанды өмір сүруді жалғастырғысы келсе, онда дәрігердің барлық талабын орындап, барлық дәрі-дәрмекті қабылдауы керек. Ал егер ауруды емдеуге бейжай қарайтын болса, соңы мүгедектікке әкелуі мүмкін.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз