Рубрика «Жаңалықтар»

Маңғыстау облыстық аурухана дәрігерлері шағын футболдан жеңімпаз атанды

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының футбол командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті, — деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Ақтауда облыстың медицина қызметкерлерінің арасында шағын футболдан облыстық турнир аяқталды. Турнирге 18 команда қатысты. Жалпы жүлде қоры – 500 000 теңге.

Маңғыстауда астаналық дәрігер үш бірегей ота жасады

Артроскопия коленного сустава в Актау - способ диагностики и лечения деформаций колена без раскрытия его полости, что существенно ускоряет и облегчает последующее восстановление.

Маңғыстау облысы ауруханасының травматология бөлімінде 3 ота жасалды. Отаны Нұр-сұлтан қаласынан келген Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ерік Раймағамбетов жасады.

Маңғыстау облыстық ауруханасы жаңа құрылғылармен толықты

Бүгін Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы 20 жаңа заманауи төсек-орынға арналған пациент мониторы, 200 инфузиялық шприц сорғылары және 20 өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталды. Аталған құрылғылар «NCOC» компаниясының демеушілігімен табысталды.

Тұрғындарды емханаға тегін орналастыру науқаны басталды

ежегодная кампания свободного прикрепления населения к поликлиникам

Жыл сайын 15 қыркүйекте халықты емханаларға тегін орналастыру науқаны басталады. Науқан екі айға созылады, яғни 15 қараша күні аяқталады. Дәрігер бекітілген науқастың денсаулығын бақылау үшін тұрғылықты жеріне жақын емхана таңдауды ұсынады. Егер қажет болған жағдайда емхана дәрігерлері науқастарды үй жағдайында қабылдай алады, әсіресе пандемия кезінде маңызды. Емханаға тіркелу ЭСҚ арқылы электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталында орындалады. …

Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні

29 августа – День общенационального траура по погибшим в результате пожара на военном складе.

29 тамыз Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан 13 адамның қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы Президент өкімі шықты.

Ақтауда бүйректегі, несепағар мен қуықтағы тастар алынады

Удаление камней в почках, мочеточнике и мочевом пузыре в Актау

Урология, токсикология және гинекология бөліміне келген науқастар бүйректегі, несепағардағы және қуықтағы тастарды алу мәселесімен дәрігерлерге жиі жүгінеді.

Медициналық тәжірибеде тасты орнынан жылжыту, оны ұсақтау және алу үшін литотриптер қолданылады.
Бөлімше мамандары науқастарды сапалы емдеу үшін жан-жақты мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Яғни, медициналық тәжірибеде жетілдірілген үлгілер мен әдістерді енгізіп, заманауи озық құрылғыларды пайдаланады.

Бұған дәлел – дәрігерлердің 2021 жылдың қаңтарында бөлімге берілген лазерлік контактілі литотриптер құрылғысын қолдануы.

Маңғыстау облыстық ауруханасы жанынан ортопедиялық бөлім ашылды

Хирург в Актау

Маңғыстау облыстық көпсалалы облыстық ауруханасында 20 төсектік жаңа ортопедиялық бөлім ашылды.

Бұл бөлімшенің дәрігерлері тірек-қимыл аппараты арқылы емдейді, әртүрлі дәрежедегі буын ауруларына ота жасайды, атап айтқанда, тізе, жамбас буындарын эндопротездеу және иық хирургиясы бар.

Маңғыстау облыстық ауруханасына жаңа томограф орнатылды

МРТ исследование в Мангистауской областной многопрофильной больнице г.Актау

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында томографияға арналған жаңа құрал – 160 бөлімнен бір уақытта мәліметтер жинау мүмкіндігі бар Aquilion Prime SP жаңа компьютерлік томографы алынды.