Маңғыстаулық хирургтар 30 жастағы науқастың талағынан 15 см киста алды
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының хирург-дәрігерлері 30 жастағы науқасқа лапароскопиялық спленэктомия, кистэктомия операциясын жасады, — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі. Аталған ота ауруханада сирек жасалады. Дәрігер Алия Тағанованың айтуынша, науқас сол жақ қабырғасының ауырсынуына шағымданып келген. Жедел түрде КТ, УДЗ жүргізіліп, талақта үлкен киста бар екені анықталады. Операцияны дәрігер Сағат Бітімов және Алия Тағанова жасады. Жалпы …