Облыстық көпсалалы ауруханада госпитальдық фармация жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Госпитальдық фармация — дәрі-дәрмектерді басқарудың пациентке бағытталған және жекелендірілген моделі.
Бүгінгі таңда мамандар дәрі-дәрмек айналымына қатысты аурухананың барлық жағдайын зерттеп, басқарудың жаңа үлгісін ұсынды. Орын таңдауға қатысты мәселелер пысықталып, схемасы шаруашылық қызметімен, желдету қызметі және Төтенше жағдайлар департаментімен келісілді.
Жаңа бөлімнің жұмыс ережелері, негізгі мақсаттары, штат саны әзірленіп, қажетті құрал-жабдықтардың тізімі дайындалды. Қызметкерлерді ақпараттандыру және лауазымдық міндеттерін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта жұмысты онлайн режимде бақылау жоспарлануда. Қажет болған жағдайда қажетті мамандар шақырылады.
Біз аурухана басшылығымен жаңа бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруға қатысты барлық қажетті мәселені талқыладық. Жансақтау бөліміне, операциялық бөлімге, хирургия, кардиохирургия бөліміне бардым, диализ бөлімінде болдым. Дәріхана тексеріліп, осы саланы жаңарту бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ хирургия бөлімшесін медициналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту жобасы ұсынылды.
Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Айгүл Төлепбергенова
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз