2023 жылдың 16 тамыз күні «Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің басшысының бірінші орынбасары Б.Хайруллинның жүргізуімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндіру» семинары дәрігерлер мен бірінші орынбасарларына, аға және орта медицина қызметкерлеріне, техникалық мамандарына өткізілді.
Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықты анықтау және болдырмау — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің маңызды бағыты болып саналады.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасында қазіргі таңда өзгерістер болғандығы атап айтылып, түсіндірілді.
Сонымен қатар әр қызметкердің өз жұмысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуі, өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын ұстануы, үлкен қателіктерге бой алдырмай, дәрігер, медбике деген атқа кір келтірмей, ақ халатты жандардың жаны, рухы таза әрі кіршіксіз болуы қажеттілігін атап өтті.
Қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған, әр азаматқа ой салатын әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз