Травматолог-дәрігерлер 94 жастағы науқасқа ота жасады

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травматолог-дәрігерлері 94 жастағы науқастың жамбас сүйегіне сәтті ота жасады, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас үйінде құлап қалған. Кейін екі-үш күннен кейін ғана аурухананың қабылдау бөліміне келген.

1929 жылы туған науқасты травматолог-дәрігерлер жедел түрде рентгенге түсіріп, оң жақ сан сүйегінің ұршық аралық жабық сынығы диагнозын қойды. Дәрігерлермен ақылдасып, науқастың жағдайына қарай жабық интрамедуллярлық блоктаушы остеосинтез отасын жасауға шешім қабылданды. Ота сәтті өтті. Келесі күні науқасты отырғызып, белсендіру, жаттығу жұмыстары жүргізілді. Мұндай белсендіру жұмыстары егде жастағы кісілердің қалыпты өмірге бейімделуіне үлкен көмегін тигізеді.

Облыстық аурухананың травматология бөлімшесінің меңгерушісі Есет Шахатбаев

Науқас отадан кейін 6 тәулік ауруханада жатып, ем қабылдады. Жағдайы жақсарған соң, үйіне шығарылды.

Көп жағдайда 70-85 жасқа дейінгі науқастарға заманауи медицинаның көмегімен ота жасалады. Ал 94 жасқа шыққан егде жастағы кісілер сирек келеді. Егер науқастың жағдайы, күтімі жақсы болса, онда қажетті отаны жасаймыз. Ал жағдайы қиын науқастарға бірден тәуекелге бел буып, ота жасау мүмкін емес. Себебі қартайған ағза наркозды қалай қабылдайтыны алаңдатады. Кейін ауырсынулар болуы да мүмкін, сондықтан бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді, — дейді Есет Шахатбаев.

Отаны травматолог-дәрігерлер Есет Шахатбаев және Парасат Қылышбаев жасады.

Врачи-травматологи прооперировали 94-летнего пациента
Нурбосинов Ельжас Максутович, Шахатбаев Есет Муханбетович, Қылышбаев Парасат Нұрлыбекұлы
Нурбосинов Ельжас Максутович, Шахатбаев Есет Муханбетович, Қылышбаев Парасат Нұрлыбекұлы

Науқас қазір өзін жақсы сезінеді. Осы ретте ол облыстық аурухананың травматолог-дәрігерлері мен медбикелеріне алғысын жеткізіп, батасын берді.

Қайын атамның жамбас сүйегі, аяғы ауырып, ауруханаға келгенбіз. Травматолог-дәрігерлер өте жақсы қабылдады. Ауруханада барлық жағдай жасалған екен, тегін ота жасап, қажетті ем-шараны жүргізді. Дәрігерлерге, жалпы аурухананың барлық қызметкеріне алғыс айтамын! — деді науқастың келіні.

Айта кетейік, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ал шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.


Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *