Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ОМА №5 терапевтік бөлімшенің меңгерушісі (нефрология) Айжан Сәрсембаева және Клиникалық және фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова дәріс оқыды.
Семинарға облыстық аурухананың терапевт, хирург, нефролог, ревматолог, реаниматолог, клинфармаколог, эфферентолог және пульмонолог, эндокринолог-дәрігерлері қатысты.
Семинар барысында ОМА №5 терапевтік бөлімшенің меңгерушісі (нефрология) Айжан Сәрсембаева «Созылмалы бүйрек ауруы — терапевттің практикалық тәсілі. Бүйректің жедел зақымдануы – алғашқы дифференциалды диагностиканың ньюанстары» тақырыбы қозғалды. Ал Клиникалық және фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова «Сепсиске антибиотикалық терапия және антибиотикке төзімділік» тақырыбында сөз қозғап, ақпараттарымен бөлісті.
Сонымен қатар бүгін Орталық клиникалық аурухананың ішкі аудит және қаржылық мониторинг қызметінің жетекші маманы, денсаулық сақтау экономисі Эльмира Забирова облыстық, қалалық, аудандық медицина орталықтарындағы экономист, бухгалтер мамандарға семинар өткізді. Семинар барысында медициналық ұйымның бюджетін қалыптастыру бағыты талқыланды. Кредиторлық берешекті талдау, себептерін анықтау, қысқарту шараларын әзірлеу және бақылау бойынша сөз қозғалды. Оған қоса еңбекақы төлеу жүйесін дамыту, медициналық қызметке ақы төлеу және тариф белгілеудің өзекті мәселелері айтылды.
Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.
Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз