Дәрігерлер қызыл аймаққа түскен науқастың өңешіндегі қан кетуді эндоскопиялық жолмен жедел тоқтатты

Бүгін Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне, нақтыласақ қызыл аймаққа жедел жәрдем бригадасымен науқас И. белгісіз этиологиялы асқазан-ішек жолдарынан қан кету диагнозымен жеткізілді, — деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Науқас қан құсу, есінен тану, жалпы әлсіздік, салқын тер, артериялық қан қысымының 70/40мм.сн.бб дейін төмендеуіне шағымданған. Қызыл аймақ деңгейінде науқасқа шұғыл медициналық көмек шаралары жүргізіліп, назогастральды зонд қойылды.

  • Жалғасқан қан кету белгілерін ескере отырып, науқасқа диагностикалық ВЭГДС тағайындалды. Эндоскопиялық гемостаз, нәтижесіз болған жағдайда шұғыл ота «Лапаротомия» жоспарланды. Видеодуоденоскопия нәтижесінде Мээлори -Вейс синдромы, жалғасқан өңештен қан кетуі анықталды, — деді эндоскопист дәрігер Бауыржан Танауов.

Дәрігердің айтуынша, диагностикалық ВЭГДС оперативтік емге ауысты. Осылайша, өңештің 1/3 жыртылған аймақтағы қан кету көзіне эндоскопиялық «эндостарс» 3 клипсы қойылды. Гемостаз реттелген соң науқас профильді бөлімшеге ауыстырылды.

Науқастың жалпы жағдайы ауыр, нашарлаусыз. Гемостатикалық, инфузионды ем тағайындалды. Қазіргі таңда аз-инвазивті хирургиялық емнің көмегімен науқасты іш-қуысқа жасалатын көлемді оперативтік емнен сақтап қалдық. Сонымен қатар науқаста реабилитация уақыты қысқа әрі жеңіл өтеді, — деді дәрігер.

Сайт материалдарын пайдалану кезінде мағынасын сақтай отырып, бастапқы дереккөз ретінде осы мақалаға сілтеме беруіңіз қажет.

Жалған ақпарат жарияланбауы үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз